Байланысты: Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері
Латын әліпбиі мен емле туралы көзқарасы «Емле мәселесі» атты мақаласында Елдес Омарұлы ешбір халықта таза дыбыс жүйесінше болып шығатын емле жоқ деп көрсетеді,яңни ешбір халықта толыққанды дыбысқа негізделген жазу деп көрсетеді. 20 ғасырдың басындағы латын әрпіне көшеміз деген мәселені дағдартқан шешілуі қажет түйін латын әрпіне негізделген емле болды.Елдес Омарұлы латыншылдар жазуының емлесі түгіл,жазуының өзін ойлап таба алмай отыр, 100 түрлі нұсқа көрсетеді,біреуі де қазақтың жазуына ыңғайлы емес дейді. Халыққа ұғынықсыз жазудың қажеті жоқ,оны мың қайтара ұйретсе де санаға сіңбеген жерде,қолдануы қиын болады деп көрсетеді.
Жоғарыда Елдес Омарұлының латын жазуына қарсы шығудағы үш негізі себебін айт кеткен болатынбыз.Солардың бірі-қазақтың тілдік заңдарына келмеуі болды. Латыншылардың дәл осы арадағы тығырыққа тірегені –емле мәселесі болды.
Ғалым Елдес Омарұлы өзінің ғылым жолында қарастырған мәселелердің бірі емле болды. Сонымен қатар қазақ тілтанушыларының ішінде емлеге алғаш көңіл бөлгендердің бірі болды. Осыған орай латын рпін қзақтың жазу жүйесіне келтіруде қиынға соғады деп дұрыс баға берген бірден бір ғалым болды.
«Дұрысында,жазудың дәлдік жағынан артық я кем болуы-әліпбиден ғана емес, емледен. Әріп мәселесі мен емле мәселесі-екеуін шатастыра берудің керегі жоқ екені де рас,Бірақ латыншылдардың ең алдымен айтатын, ең күшті дәлелдері емле;латыншылдар : латын әліпбисіз емлені түзетуге болдмайды деп дауласады»(9- 77 б.)-дейді Елдес Омарұлы «Қазақша жазу жайы» мақаласында. Телжан Шонанұлы ұстанған професор Ашмарин теориясына ғалым осындай кері пікір айтады. Профессор Ашмарин «Дыбыты дәл таңбалайтын тіл ғылым кітаптарын араб әліпбиімен өмірде жазуға болмайды» деген пікір айтады.Дәл осы пікірмен өз кезегінде Телжан Шонанұлы келіседі. Елдес Омарұлы емле мәселесі әліпбиін ұғымға жат жазумен алмастырған да бұл мәселенің шешілмейтіндігін айтып өтеді.
Кейінірек осы мәселе негізінде 1924 жылы Елдес Омарұлы Ахмет Байтұрсынұлы секілді төл әліпбиін ойлап тапқан болатын. Осы мәселе жөнінде Дихан Қамзабекұлы сөз қозғаған болатын.
Дихан Қамзабекұлы: «Елдес Омарұлы жат сөздердің тігісін жатқызып, сөздік қорымызға қабылдаудың тоғыз тәсілін көрсетіп береді. Сиез бір ауыздан тоғызын толық қабыл алып, бұлардың барлығы қазақ тілінің пән сөздерін жасауға негізгі заңдар болып есептелсін деп шешті»,- дей келіп,- «Ең өкініштісі, А.Байтұрсынұлы бастаған тіл ғылымы көшінің құрметті сапындағы Елдес Омарұлын тілші ғалымдарымыз насихаттамай-ақ келеді»,-деп қатты өкініш білдіреді.
Тарихи құжаттарға сүйеніп айтар болсақ: 1924 жылы жасалынған Елдос Омарұлының әліпбиін қазақ тіл ғылымының атасы Ахмет Байтұрсынұлының өзі қолдаған.
Елдес Омарұлы жасаған әліпби қатарында тілімізді шұбарлап, қазақ тілінің өрісін тарылтып,терең тамырлауына кедергі келтіріп жүрген орыс дыбыстары: Щ, В, Ч, Ф, Х, Ь, Ъ, Ё, Ю, Я, Ц, Э секілді дыбыстар да, сол дыбыстардың таңбасы да мүлдем жоқ.