Күн ауған. Бесін әлеті. Қалалық парктің дәл ортасындағы шағын алаңқай.
Ортадағы кішігірім әуізді айналдыра қойылған орындықтың бергі шетіндегісінде Сәлима отыр.
Бетіне әлі әжім түсе қоймаған, келбетті, осы заманғы, зейнетке жаңа шыққан әйел. Жүзі сынық, қайғысы бар екені байқалады.
Полковник шеніндегі Сәлім шығады. Ой құшағында отырған
Сәлимаға біраз қарап тұрып қалады.