Әлдихан Қалдыбаев


Тәттігүл. Ал, не істедік енді? Оспан



бет127/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   340
Тәттігүл. Ал, не істедік енді?
Оспан. Не істейтіні бар, той қамына кірісу керек.
Тәттігүл (Оспанды құшақтап сүйіп). Мейлі, ендігі балаң тілімізді алатын болады.
Оспан (қуанып). Рас па, Тәтті?
Тәттігүл. Рас, мен енді ұл туамын. Оны қазақша оқытып, Зәуре алмаған тілімді алғызамын.
Оспан. О-о, менің балам – мұрагерім болады. Сен – ғажап әйелсің, Тәтті!
Тәттігүл. Қара томпағым менің! Қалай шыдап жүргенсің сен осы уақытқа дейін?!
Оспан. Сүйгендіктен!
Тәттігүл. Қандай құдірет едің сен, махаббат!
Оспан. Тәтті, біз оны ешуақыт Зәуре құсатып шөре-шөреге салмайықшы!
Тәттігүл. Зәуренің өзі ғой, тілімізді алмай, әуреге түсірген.
Оспан. Енді қайтсін, біз өзіміз оны шыр-пыр қылған.
Тәттігүл. Иә, десеңші, апыр-ау, балалардың махаббатында неміз бар еді?
Оспан. Соны айт!
Тәттігүл. Құдайым-ай, елдің басын аямай-ақ қатырған екенмін мен. Осының бәрі кімге керек еді?
Оспан. Оны Әлімнің Ерланы айтқан жоқ па еді, бұл – жастарға емес, бізге, ересектерге керек әңгіме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет