Әлдихан Қалдыбаев


Сәлім (күліп). Мәссаған, безгелдек! Сәлима



бет135/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   340
Сәлім (күліп). Мәссаған, безгелдек!
Сәлима. Күлме. Шын айтам, ол аудандағы беті жылтыраған әйел атаулыны қойған жоқ. Керемет айлакер екен, сұлу әйелдің алдымен қызметін өсіріп, көңілін көтеріп, көлкілдетіп қоятын. Содан соң ары итеріп, бері жығу баста- латын. Кіріптар қылып кіртитетін де, жақсылық жасап жадырататын да өзі. Тағдыр-таланымыз қолында, жақсылық жасаушы, жарылқаушы сол, ал, біз қарыздармыз. Әйел байғұс қарызын немен өтемек?!
Сәлім. Ондай қызметінің, жақсылығының не керегі бар?
Сәлима. Керек. Қызметсіз адам – кәріп. Қызмет – абырой, айбын, бедел, мерей. Мен осылардың барлығына ие болдым. Шайқап іштім, шайқалып бастым. Қызмет қызығы бәрін ұмыттырды. Бай, бала керек екені жайына қалды. Соның жазасын тартып, отырысым мынау енді.
Сәлім (толқып). Әттеген-ай, сенің де жолың болмаған екен ғой! Сен мені кеудемнен қаққаныңмен, мен сені жүрегімнен жұлып тастай алмадым. Қайда, қандай күйде жүрсем де ұмытқан емеспін. Елде есен-сау, берекелі өмір сүріп жатыр ғой деуші едім, сенің де шекең қызбаған екен ғой. «Кеш қалдың!» дегенше, егіліп жыласаң етті сонда, бәрі басқаша болатын еді!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет