Әлдихан Қалдыбаев



бет132/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   340
Сәлім. Балаң бар емес пе еді?
Сәлима. Бар. Інім мен келінім машина апатынан қайтыс болған. Екеуі баласын өздері тірі кездерінде, емшектен шығысымен, бауырыма салған. Өз өзегіңді жарып шықпаған бала қайбір...
Сәлім (Сәлиманың сөзін бөліп). Түсіндім. Әй, Сәлимаш! Айтшы, екеуіміздің еншіміз осы ма еді? Қай-да-а-а!
Сәлима. Мен де өкінемін, бірақ амал қайсы?!
Сәлім. Күйік қой – бұл күйік!


Құрбым, сол бір өткен күнді еске алдым,
Көз алдымнан кетпей қойды еш қалпың.
Махаббаттың тәтті күйін шерткенде
Деп едің-ау мұңайып сен: «Кеш қалдың!».


Бір ақын өстіп жырлап, жылаған екен. Мен де дәл сондай шерлі күй кештім. Маған әлі жұмбақ, неге тайдың сен сонда серттен?
Сәлима. Мен оны саған бұрын да айта алмағанмын. Қазір де айта алмаймын.
Сәлім. Бұрын мен қазір тең бе? Бұрын үдеп тұратын едік, қазір жүдеп тұратын болдық. Беттің қытығы азайып, көңілдің ынтығы кеміген. Енді жараланар жүрек жоқ, жалыны сөнген. Білейін, айтшы, не болды өзі сонда?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет