Сәлима (жанынан орын ұсынып). Иә, сөйтейік. Кел, отыр.
Сәлім (отырып). Ал, қане, жөн сұрасайықшы, мұнда қайдан отырсың? Ауылда, Кербұлақта емес пе едің?
Сәлима. Жоқ, осындамын. Зейнеткермін. Зейнетке шығардан біраз бұрын облыстық мәдениет басқармасына бастық болып келгенмін. Өзің қайдан жүрсің?
Сәлім. Мен отставкаға шыққанмын. Соқа басымды сүйретіп келдім елге. Қонақ үйде жатырмын. «Кішкентай да болса, бір қуыс бер» деп әкімдердің есігін тоздырып жүрген жай бар. Осы қазір де біраз сандалып келіп, дамылдап оты- райын деп паркке шыққан бетім.
Сәлима. «Соқа басымың» қалай? «Әйелі, бала-шағасы бар», - деуші еді ғой ел, оларың қайда?
Достарыңызбен бөлісу: |