Әлдихан Қалдыбаев


Әкім (томырайып). Дұрыс. Қарғабаев



бет241/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   340
Әкім (томырайып). Дұрыс.
Қарғабаев (кекесінмен). Дұрыс. Үн-түнсіз сыйлығымызды алғанда дұрыс болатын еді, енді бұрыс, енді біз сені сыйлаудан қалдық. Қолыңнан келгенін істе. Сен екеуіміз – бір атаның баласымыз, інім деп сырттай арқаланып жүруші едім, бекер бопты.
Әкім. Тура биде туған жоқ.
Қарғабаев. Сендей қаныпезерде иман жоқ. Мен енді сенің қол астыңда бір күн де істемеймін (Папкасынан он шақты парақ қағаз алып). Міне, арызым. Сен сияқты дүлейден аулақ жүргенім артық.
Әкім. Дұрыс. Ең болмаса, бір парақор кемитін болды облыста.
Қарғабаев. Бір емес, он. Аналар да өтініштерін беріп жіберді. Мә, қол қой бәріне.
Әкім. Әкел. Парақордың өтінішіне қол қоюға қолым қалтырамайды менің (Өтініштерге шетінен қол қоя бастайды). Барыңдар аулақ.
Қарғабаев. Сенде, кішкене бір, адамды аяу, сыйлау деген болмай ма өзі?
Әкім. Аяйтын да, сыйлайтын да түк жоқ. Парақорлар кінәларын түсініп арыз берді, мен қызметтерінен босаттым. Аяған, сыйлаған деген осы – аман-есен жіберу.
Қарғабаев. Сен емес, бізді аяған – Мұсылманқұлов. Сен аясаң, сыйласаң, әімдермен бірауыз сөйлесер едің.
Әкім. Парақорларға қор қылатын сөзім жоқ менің, барыңдар бәрің!
Қарғабаев (қойын қалтасынан бүктелген бос пакетті суырып алып). Міне, көрдің бе, саған ұсынғанда қомпайып тұрған пакет бос. Сенің құқық қорғау органдарыңның қызметкерлері – кісі тонаушылар. Бізге байтал түгілі бас қайғы болып жатқанда олар барлық ақшамызды тонап алды. Мықты екенсің, облысты солардан тазарт. Адамдардың қайғысы – олардың табыс көзі, неғұрлым қылмыс көп болса, олар соғұрлым байи түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет