Әлдихан Қалдыбаев



бет243/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   340
Әсияның даусы. Ол кісі Қасым ағайдың кабинетінде отыр.
Әкім. Онда шақыр ол кісіні осында.
Әсия. Қазір.


Сапар қария кіреді.


Әкім (орнынан тұрып). Келіңіз, аға!
Сапар (әкімнің бет-жүзіне барлай қарап). Не болды, Қасқабай, демнің арасында жүдеп қапсың?
Әкім. Ештеңе болған жоқ, аға. Жоқ, болды, жаңағы әңгіме ушықты, жоғарыдан: «Әкімдерді босат!» деген пәрмен болды.
Сапар. Босат.
Әкім. Босаттым. Өзім де босанамын!
Сапар (жұлып алғандай). Е-е, оныңа жол болсын!
Әкім. Сөйткенім жөн, аға. Жаңа ғана Абаев телефон шалып, «Ондай парақор әкімдерге сол керек. Соттат!» деген. Енді жарты сағат өтпей жатып «Босат!» дейді. Сөйтсем, Ерік Көбенович барып, бүлдіріпті.
Сапар. Түсінікті. Дамир інісінің тілін алған. Сен де менің тілімді ал, босама, істе.
Әкім (ширығып). Ісің алға жылжымайтын болса, істеп неге керек?
Сапар (салмақты). Бала, «Сабыр түбі – сары алтын». Билікте жүр екенсің, ішіңде ит өліп жатса, былқ етпе. Жассың, тәжірибең аз, қызбасың. Әлі-ақ бастығасың, сөйтіп қазір өзің түңіліп отырған тірліктің майын ішкен майталманы боласың. Туған күніңе әкелгенді емес, әкелмегенді жек көретін дәрежеге жетесің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет