Әлдихан Қалдыбаев


Сапар. Қайдағы шер сендегі? Сенікі – кекірік ату. Әкім



бет245/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   340
Сапар. Қайдағы шер сендегі? Сенікі – кекірік ату.
Әкім. Аға, әкім тұрмақ Президенттің де қайғы-мұңы, шері болады. Армансыз адам болмайды. Адамды аспанға алып ұшатын да, жерге алып ұратын да арман.
Сапар. Қалай жақсы айтатын болғансың сен, Қасқабай. Мен сені енді түсінгендеймін. Қайтайын. Бірақ абайла! Әкім деген оңай қызмет емес. Біздің Елбасымыз адам таниды. Сенім артқан екен, үдесінен шық.
Әкім (орнынан тұрған Сапардың қолын алып). Жақсы, аға! Сау болыңыз!
Сапар (есікке беттеп бара жатып). Бала, абайла!
Әкім (дел-сал қарап тұрып). Көреміз, аға!
(Орынтағына отырып). Не істедім мен, апырау! Жын ұрған шығар мені, тегі! Қап, қарашы, сау басымды саудаға салғанымды. Өзгеге жасаған жамандығым өзімді тауып жүрмесін. Қайтіп қана құтылармын бұл пәледен?!
Қордабаев (жылт етіп кіріп, асығып-аптығып). Қасқабай Төреқұлович, осы қазір Ерік Көбенович Астанадан ұшып шықты. Ұшағы бір сағаттан соң жолай біздің әуежайға келіп қонады.
Әкім. Онда жүріңіз, кеттік. (Сәл кідіріп). Әй, бірақ ол кісінің көңілі қалып қалған шығар.
Қордабаев. Ерік Көбенович түсінеді бәрін. Ол кісі жасып-жабырқауды білмейді, жауынгер. Кешірімі мол, кемеңгер.
Әкім. Менің машинамды шақыртыңыз, сіз екеуіміз әуежайға барамыз. Ешкімді ерітудің қажеті жоқ.
Қордабаев. Сол дұрыс (сәл кідіріп). Сансызбаев пен Ахметов біліп қойып, бара қалса, қайтеміз?

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет