Әлдихан Қалдыбаев


Әкім. Олар қайдан біледі, сіз айтпасаңыз? Қордабаев



бет246/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   340
Әкім. Олар қайдан біледі, сіз айтпасаңыз?
Қордабаев. Менің мұндайды ешкімге айтпайтынымды сіз білсеңіз керек еді. Прокурор мен генерал мұндай әңгімені бізден бұрын естиді. Олар енді осы түйін шешілгенше тыным таппайды.
Әкім. Мейлі, білсін, барсын, біз де барамыз.
Қордабаев. Онда мен кабинетіме кіріп шығайын.
Әкім. Сөйтіңіз. (Қордабаев шығып кетеді. Әкім орнынан тұрып барып, бұрыштағы сейфті ашып, қолына екі бүйірі тоқ папка алып, ұстап тұрып). Ерік Көбенович, міне, сіздің құныңыз!


Сегізінші көрініс


Әуежай басы. Прокурор Сансызбаев пен генерал Ахметов сөйлесіп тұр. Әріден диктордың ұшақтардың рейстерін хабарлаған дауыстары естіліп жатыр.


Генерал. Келмес.
Прокурор. Ерік Көбеновичтің тілін алмай, кінәлі болып қалды. Бірақ келеді, «Жалмауызға да жан керек».
Генерал. Сіз де тілін алмай қойдыңыз ғой, алдымен келіп тұрсыз.
Прокурор. Білесіз, генерал жолдас, бәрін білесіз. Нағыз тілін алмаған сізсіз. Ерік Көбенович, алдымен сізге өкпелі. Құртса, әуелі сізді құртады.
Генерал (мырс етіп). Әбиірбек Рахымович, осы шын сөзіңіз бе?
Прокурор (тез жауап қатады). Енді қалай деп едіңіз, бұдан артық қандай шын сөз керек?
Генерал. Маған да, сізге де керегі қандай да бір сөз емес, Ерік Көбеновичтің бетін бері қарату болып тұр емес пе.
Прокурор. Дұрыс айтасыз. Сіз іс-қимылдың адамысыз ғой, айтыңызшы, қайтіп жібітеміз Ерік Көбеновичтің көңіліне қатқан мұзды?
Генерал. Әбиірбек Рахымович, ол сіз екеуімізге белгілі адам емес пе, мұндайдың мыңын көріп едік қой, бір мәнісі болар. Ең бастысы – қалтаңызда конвертіңіз болса, болды.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет