Әлипа. Бұл несі, әкем-ау?
Шаншар(қағазға үңіле түсіп). Тұра тұршы сәл. Бұл бір қызық екен. (Атай енді бір қызарып, бір сұрланып оқып шығады). Жар-райсындар, аз-за-мат-тар! Әлипа-ау, мына балалар қатырыпты мені әбден.
Әлипа.Не ғыпты байғұс-ау?
Шаншар атай. Атама, тегі. «Шертпек шарты» деген бір пәлені тауып, соны маған теліп жазып кетіпті. Міне, менікі қылып біреуі бармағын да басып қойыпты.
Әлипа. Жасың болса келді, бұл балалардан аулақ жүр деп айтпап па едім басында. Көрдің бе? Міне, енді ақыры қақпаға қағаз жапсырып кетіп, елге әшкере етіп тынды.
Шаншар атай. Сен де айтады екенсің. Әшкере ететін мен бір ұрлық жасаппын ба? Көрсін, керек болса ел.
Әлипа. Қой әрі. Сен қырсыққан екен деп қайта жапсырып қоймақпыз ба мұны? Бері әпкел бері, құртайын көзін.