Тәттігүл. Жарайсың, қызым! Ерлан аяулы бала екен.
Зәуре. Көрдіңіз бе, босқа байбаламдап, елді де, өзіңізді де әуреге салмақ болдыңыз.
Тәттігүл. Құдайым ұзағынан сүйіндірсін енді!
Зәуре.Ой, мама, қызықсыз сіз. Бүйтіп тұрмыс құрған кезде айтпайтын ба еді?
Тәттігүл. Үйленбегенде не істейсіңдер енді?
Зәуре. Қайда асығамыз?
Тәттігүл. Кәрі қыздың бәрі – сол қайда асығамыздың жемісі. Бойжеткен қыз – пісксн алма. Дер кезінде үзу керек.
Зәуре(күліп).Шын шығар, бірақ сіз тым анайы етіп жібердіңіз.
Тәттігүл. Анайы болдың не, сыпайы болдың не, қыз бен жігіт бір-бірін сүйген екен, үйленуі керек. Қалғанының бәрі – бос әурешілік.