Оспан. Иә, мұныңа жөн болсын!
Тәттігүл. Оспан, бала көтергім келеді. Ол махаббаттан жаралады.
Оспан (күліп). Басында айтқанда көндің бе?
Тәттігүл. Ақымақ болыппын. Балқияның: «Бір бала көтеру – мода» дегеніне иланамын деп құдай атыпты. Сол-ақ бұзып бітті мені.
Оспан.Енді кеш емес пе?
Тәттігүл. Кеш емес, әйел қырқына дейін көтереді баланы, мен отыз сегіздемін. Оспан, айтшы, махаббат дегеніміз не?
Оспан. Сүю.
Тәттігүл.Махаббат – ерлі-байлы адамның арасындағы таусылмайтын ұзақ әңгіме.
Оспан. Қызық екен. Оны қалай түсінеміз.
Тәтгігүл. Түсінетін не бар? (Оспанның бауырына тығылып). Былай түсінесің. Құшақташы! Сүйші! Махаббатым менің!
Оспан. Қой енді, біреу келіп қалса, ұят болады.
Зәуре кіреді.
Зәуре (көңілді). Қайырлы кеш, папа, мама! Мен сіздердің, жоқ, мама, сіздің тілегіңізді орындадым, Ерланды ертіп келдім.