Әшірбек. Кешіріңіз, ата. Олай ойлаған жоқ едік.
Бекен. Біздікі бір білместік болыпты, кешіріңіз, ата.
Шаншар атай. Тоқтаңдар. Доғарыңдар бәрің сөзді. Кешіретін не бар мұнда? Мен сендерге қайта: «Міне, азамат» дегелі отырмын. Тіптен ғажап етіп тізіп жазыпсыңдар. Мен ендігі жерде сендерден шертпекті осы шартқа қарап отырып алсам ба екен деген ойға келіп отырмын.
Әшірбек.Сөйтіңіз, ата.
Бекен. Осы қазір алыңыз.
Шаншар атай. Не деп алам? Тапқыр балалар екен деп алам ба? Мен алсам, шертпекті кінәларың үшін алам. Ойнап жазсаңдар да, ойлап жазсаңдар да менің көкейімдегінің бәрін тауып жазыпсыңдар. Өздерің ауытқып жүрмесеңдер мен ауытқымадым енді бұдан.