Әлдихан Қалдыбаев


Аманғайша. Берік, мына кісі кім? Берік



бет110/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   340
Аманғайша. Берік, мына кісі кім?
Берік. Тәттігүл құдағиың. Зәуренің шешесі.
Тәттігүл. Айтарсың! Құдағи емеспін, болмаймын да.
Аманғайша. Екі жас бір-бірін сүйсе, құдағи болмай қайда барасыз?
Тәттігүл. Екі жас бір-бірін сүйсе... Сонда үлкендер қол қусырып қарап отырмақ па? Берік, Тәттігүлді білмейді екенсің сен әлі. Білесің. Білдіремін.
Аманғайша. Құдағи, не болып қалды соншама шала бүлінетін? Отырыңыз, дәм ауыз тиіңіз.
Тәттігүл. Өздері қаңғып жүріп, дәмшілін қарай көр бұлардың!


Тәттігүл кетеді.


Аманғайша. Сөзі қандай ірі еді мына кісінің?!
Берік. Жасында ұяң еді, бұзылыпты.
Аманғайіиа. Бұрын білуші ме едің?
Берік. Білемін. Тәттігүл тура Зәуре сияқты талшыбықтай әдемі қыз болатын.
Аманғайша. Бәсе, айтпап па едім, «Бұрынғы біреуіңді тауып алатын шығарсың» деп. Тауып алып тыныпсың қас пен көздің арасында.
Берік. Қой, кемпірім, жоқ жерден сөз шығарма.
Аманғайша. Қайтіп қоямын, кішкентай бір тысқа шығып кетіп едім, аяғы мынау болыпты. Кемпірім дейді тағы. Мен – кемпір, жаңағы – қыз екен ғой саған. Мақұл. Сен сол қызыңмен қал, мен кетемін қазір жиналамын да.
Берік. Аманғайша, бұл қай секемің? Жоқ ырымды бастағаныңа жол болсын!
Аманғайша (жылап). Мен енді бұл жерде бір күн де, жоқ, жарты күн де қалмаймын. Сені де тастамаймын. Жүр, жинал. Ерланды да ертіп кетеміз.
Берік. Тоқта, сабыр қыл. Бұл бір қызық әңгіме болайын деп тұр. Мен әзірше ештеңе демей-ақ қояйын, көп ұзамай бәрін түсінетін боласың өзің-ақ.
Аманғайша. Түсінетін не бар? Ол сенің алғашқы махаббатың екен.
Берік. Сен де солай дедің бе? Алғашқы, одан кейінгі, соңғы махаббат деу – опасыздардың сөзі. Олар үшін махаббат – лап етіп жануы да, жалп етіп өшуі де оңай от. Жок, махаббат – аспандаған алау, сүйіскен екеу оны бірігіп тұтатқан екен, өшірмесін. Өшірген екен, ол махаббат емес, басқа бірдеңе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет