Балқия. Онда ажырас Оспаннан.
Тәттігүл. Мен оны сүйемін, ажыраса алмаймын. Ажырасамын деп қорқытып көргенмен, қыңатын Оспан жоқ.
Балқия (кекетіп). Сүй-е-емін! Қыңатын Оспан жоқ! Құр қорқытқанша, сотқа арыз берші, Оспан алдыңа түсіп мөнтеңдеп жүріп бермесе, маған серт. Содан соң қызга екі жақтап ауыз саласыңдар. Зәуре айтқан тілді алады, алма- са, ананың баланы тырп еткізбейтін бас қаруы бар, соны қолдан.
Тәттігүл. Ол қандай қару, тәте? Бәрі құрысын, соны айтыңызшы алдымен.
Балқия. «Айтқан тілімді аласың, алмасаң, ақ сүтімді кешпеймін. Арам!» - де Зәуреге. Көр де тұр, тырп ете алмайды, көнеді. Содан соң Зәуре біздің Ерланға тимей, кімге тимек?
Тәттігүл. Айналайын, тәтетай-ай, қандай білгіш едіңіз? Болды-болды бітті шаруа. Қатырамын мен енді екеуін де.
Сырттан үйге Зәуре кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |