Әлдихан Қалдыбаев


Сәлім (қуанып кетіп). Сәлима! Сәлима



бет129/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   340
Сәлім уанып кетіп). Сәлима!
Сәлима (жалт қарап). Сәлім! Сенсің бе?
Сәлім. Сәлима! Қалай өзгеріп кеткенсің?
Сәлима. Қартайдық. Өзгердік. Ал, сен өзгермепсің, сол баяғы – жіптіктей жігіт қалпың.
Сәлім. Не қылған, маған қарағанда сен әлдеқайда жас болып көрінесің.
Сәлима (жымиып). Көңіліңді құдай көтерсін! «Өзгеріп кетіпсің» дегеніңді қалай ұқтық?
Сәлім. Оным – қыз күніңді іздегенім.
Сәлима. Қыз күн қайда, тым алыста қалды ғой.
Сәлім. Сені қайдам, маған сенің қыз, менің бала болғанымыз күні кеше сияқты. Сол аяулы күндер қаз қалпында көз алдымнан бір кеткен емес.
Сәлима. Мүмкін. Қазақшаны ұмытпапсың.
Сәлім (толқып). Қайтіп ұмытайын ана тілімді?! Мен күндіз өңімде орысша, түнде – түсімде қазақша сөйлеп өмір сүрген адаммын. Адамға бұдан асқан азап жоқ, білсең, Сәлима! Өз отбасыңда жан баласы сенің тіліңді білмегені, бір ауыз тіл қата алмағаны – қайғының ең үлкені.
Сәлима. Түсінемін. Сол ғой жүдеткен, әйтпесе, әскери адам не қорлық көрсін?
Сәлім. Қызметті қайтеміз, жөндеп амандасып алайық алдымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет