Владимир. Әрине, солай. Қайта коммунистік, шын мәнінде, орыстық идеямен уланбаған елдер ерен дамыған.
Сәлім. Амал қанша, коммунистік тоталитарлық империя, оның саясатын сарнап санаға құйған мәскеулік басшылар іліп алар атаулының бәрі – біздің жақсылығымыз деп түсіндіріпті. Аңқаулық па, қорқақтық па, әйтеуір біз, қазақтар, бәріне мақұл болып, бас шұлғи беріппіз.
Владимир.Жалғыз қазақ емес, орыстан басқа халықтың бәрі сөйткен: орысты мақтап, өздерін даттап күнелткен.
Сәлім. Мен қуаныштымын! Көп нәрсені түсініп қалыпсың, ұлым!
Владимир.Мен енді бала емеспін ғой, папа.