Сәлім. Жақсы айттың. Мен разымын саған В-в... Бақыт!
Владимир (қуанып). Сіз мені Бақыт дедіңіз бе? Мен – Бақытпын! Қандай жақсы есім!
Сәлім. Иә, сен – Бақытсың. Затың да, атың да қазақ сенің. Ал, енді Астанаға тарт, Бақыт. Алла жолыңды оңғартсын, Қызыр Әулие қолдасын!
Бақыт.Қандай қызық, жаңа ғана палатаға Владимир болып кіріп едім, Бақыт болып шығып барамын! Сау болыңыз, папа! Көріскенше!