Әлдихан Қалдыбаев



бет306/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   340
«АТ - ЕР ҚАНАТЫ»


Біздің кинолардағы аттың сыйқы құрысын. Киношылар бір ауылдың тұсына келіп, шатырын тігіп, жылқы бар кадрларға қойшылардың атын тегін мініп түседі. Масқара! Ағып келе жатқан аттың астына түсіп, үстіне шығатын әбжіл жігіттеріміз қой торы мініп қопаңдайды. Ұяттың ұяты!
Ал, Голливудтың немесе Еуропаның фильмдеріндегі жігіттердің сүліктей жарау аттарымен ойпаң жерде орғытып, қырлау жерде қарғытып шапқанын көргеніңде ішің удай ашиды.
Қазақтың қазанаттары неге түспейді біздің жігіттердің тақымына?!
Көңілге медеу етсек, Бекежанның қара атын, Бақтығұлдың сүлік қарасын атармыз. Ал, қазақтың әр жігітінің маңдайына басқан бір аты болған. Қазақ экранға атпен шыққан екен, қазақ болып шықсын!
Қазақтай атқа соншама жарасымды, қонымды бола кететін адамды өз басым білмеймін. Қазаққа бір маңайласа, қырғыз маңайлар.
Ат та, оны ойнақтатып мінер жігіт те бар бізде. Бар пәле барымызды ұқсата алмай жүрген киношыларда. Оған көз жеткізгіңіз келсе, «Батыр Баян» фильмін көріңіз.
Міне, бұл нағыз қазақтың фильмі!
Айналайын Жұмахан – Баян келіскен торы атпен бір-бірінен айнымайтын екі көк ат мініп қашқан інісі Ноян мен қалмақ қызын қуады. Әсем Көкше етегінде, байтақ Баянауыл баурайында торы аттың сыпыра шапқаны, қос көктің құсша қалқығаны адамның айызын қандырады!
Жұмахан Әбдіқадыров – нағыз жігіт, атқа отырысы-ай, қандай жарасымды, нық, торы мен қос көк шын тұлпарлар ғой, сілтестері-ай, шіркін.
Көп жаса, айналайын Жұмахан!



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет