Оспан. Қой, қыз әкесі беташар айтушы ма еді!
Тәттігүл. Әй, бай-құ-шым-ай, Әлім жездем мен Балқия тәтем келін түсіргенде беташар айтпай, қайда айтпақсың енді?!
Оспан. Ләппай, бажеке, әкпе! (Қолына домбыра алып шертіп-шертіп жіберіп, шырқай жөнеледі).
Төрдс тұрған Әлекең,
Тұрған бойы ән екен,
Қайын атаңа бір сәлем,
Болып кетед әлі әкең.
Қасындағы қайын енең,
Барлық іске дайын, елең,
Балқияға бір сәлем,
Білгір елдің жайын ерен.
Тәттігүл. Өй, деген!
Құтты болсын, қарағым,
Келгсн жерің, жар-жар,
Ақ сарай бұл, қарағын,
Енгендерің, жар-жар.
Бір-біріңе мәңгілік
Жар болыңдар, жар-жар,
Жеткілікті мал-мүлік
Бар болыңдар, жар-жар.
Әріден Ерланның даусы естіледі.
Ерланның даусы. Мама, мынау аз болды. Бар ма, тағы жүз грамм керек.
Әлім мен Балқия сергіп, тәтті елес ғайып болады.
Достарыңызбен бөлісу: |