Әлдихан Қалдыбаев



бет225/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   340
Мұсылманқұлов (кекетіп). Арлымын де. Мен білмеген екенмін, енді түсіндім. Жар-р-райды.
Әкім (тайсалмай). Не десеңіз де, не істесеңіз де мен сізді сыйлаймын, бірақ өзімді бейшара ете алмаймын.
Мұсылманқұлов (өкініп). Қап! Сен бір сөзге келер деп едім, жаңылыппын. Бұрын не айтсам да, мақұл едің, одан жаман болған жоқсың. Елгезек, айтқанды орындауға құлшынып, лыпып тұратын Қасқабай қайда, мен сені танымай тұрмын.
Әкім. Ол кезде арқа сүйейтін сіз бар едіңіз, артық-кем кетсек, кешіріп, бұра тартсақ, дұрыс жолға салатынсыз. Енді желкемде – шалқайсам, шүйдеме тиер қабырға ғана бар, бәрін өзім шешуім керек.
Мұсылманқұлов. Қалай тез өсіп кеткенсің, бала! Қуаныштымын, орныма лайықты адам қойып кетіппін. Мына пәленің бір ұштығы маған келіп тірелетін болған соң ғой, қадалып отырғаным. Көнбедің ғой, айтпады деме, оларды босаттырғаныңды өзің хабарлап, сүйінші сұрайтын боласың.
Әкім (жуасып). Не дегеніңізбен мен заңды аттай алмаймын. Бұл істің нүктесін құқық қорғау органдары қояды.
Мұсылманқұлов (орнынан тұрып). Жақсы, сау бол, бала! Бұл облыста бір-ақ заң барын әлі күнге білмесең, шикі екенсің. Ендеше, біліп қой, облыс әкімі – заң да өзі, зәкүн де өзі. Оның ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс.
Әкім. Әкімдіктің ол жағы маған әлі белгісіз. Бірақ бір нәрсе анық, өзім ұстатып, қолдарына кісен салдырған адамдар осында, мен тұрғанда енді қайта әкімнің орынтағына отыра алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет