Шаншар атай. Жо-оқ. Керек болады бұл әлі.
Әлипа. Қойшы құрысын. Бұл неге керек?
Шаншар ағай. Жаның тірі болса көресің, қазір-ақ келеді балалар осында.
Әлипа. Шынында да, келе жатыр, әне.
Шаншар атай.Келсін, келсін. Айтпадым ба, менің күйіп-піскенімді көрмек қой. Жо, Шаншардың шалымы таусыла қойған жоқ әлі. Мә, сен мынаны алып үйге бара тұр, бұлармен мен жалғыз өзім қалып сөйлесейін.
Әлипа (шартты алып). Сөйлесетін не бар? Сазайын беру керек! (Кетеді).
Балалар шығады. Бәрі атайға жамырай сәлем береді.
Балалар:Ассалаумағалейкум, ата.
– Салаумала-ейке-е-ем...
Шаншар атай. Уағалейкмуссалам. Бәрекелді. Қане, қолды әкеліңдер. Сәлемдесу серті – қол алысу. Құр «Ассалау» деген аз адамға. Ауыз айта береді, алақан антқа жүреді. Қол алысып, амандасқанда ғана білемін мен сендердің қайсыңның қандай жігіт екеніңді.