44
Зерттеулерде толыққанды есейген салмақтары орташа алғанда 20 г
құрайтын 20 дана кӛлеміндегі екі жыныс топтарын қамтыған зертханалық
тышқандар қолданылды. Барлық жануарлар гигиеналық және санитарлық
талаптарға сай, жануарларға ыңғайлы торлардың ішінде ұсталынды.
Жануарлардың денесіне
тиетін торлардың беті тегіс, жақсы бекітілген, ӛткір
бұрыштары мен иілген, шығыңқы қабырғалары жоқ, бұл ӛз кезегінде торларды
тазалауға, залалсыздандыруға ыңғайлы және кірдің,
қоқыстың жиналуын
болдырмайды. Бӛлмелердің ішіндегі температура мен ылғалдылық 22º С (± 3º
С) и 45-60 % шамасында тұрақты түрде қадағаланып тұрды, және күн мен түн
режимі 12 сағ сайын ауыстырылып отырды (жарық таңғы 07:00 ден кешкі 19:00
ға дейін). Жануарларды коммерциялық тұрғыдан алғанда қолжетімді
стандартты гранулалы жеммен және сумен жемдеп отырдық. Жануарлар
зерттеу аясынан ережелерге сүйене отырып шығарылды.
Минитаблеткалардың жұмыс ерітіндісін ӛлшенген минитаблеткаларды
тазартылған
суда еріте отырып, жануарларға нақты беретін кезде дайындап
отырдық. Ӛлшенетін минитаблеткалар мӛлшері зерттеу топтары құрамына
кіретін әрбір жануардың салмағына байланысты есептеліп нақты мӛлшерде
берілді. Жұмыс ерітіндісі ауыз қуысы арқылы кӛлемі 1 мл
ді құрайтын зонд
арқылы берілді. Еріткіш ретінде алынған тазартылған су зерттелетін зат үшін
қарсы бақылау түрінде қолданылды.
Жедел уыттылықты зерттеуді Миронов А.Н. «Дәрілік заттардың клиникаға
дейінгі зерттеулерді жүргізу нұсқаулығы» мәліметтеріне сай жасадық.
Минитаблеткалардың тышқандарға нұсқаулыққа сүйене отырып ауыз қуысы
арқылы берілген бастапқы дозасы ретінде 300 мг/кг құрады. Препарт берілген
соң жануарларды бақылау 14 тәулік бойы жалғасты. Бірінші күні әрбір екі
сағат сайын тышқандардың жағдайы бақыланды, ал қалған күндері әр 12 сағат
сайын тексерілді. Тышқандардың салмақтары апта сайын бірінші салған күннен
бастап, зерттеу аяқталғанға дейін ӛлшеніп отырды. Зерттеу аяқталғаннан кейін
ағзалардың макроскопиялық анықтауы жасалды. Препараттың уыттылық әсері
туралы жануарлардың жалпы жағдайлаhына
қарай отырып және тірі
қалуларына, LD
50
байланысты тұжырымдама жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: