Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Газтурбиналық қондырғылардың сұйық отынды жағуы үшін құю, сақтау және дайындау ерекшеліктері



бет21/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Газтурбиналық қондырғылардың сұйық отынды жағуы үшін құю, сақтау және дайындау ерекшеліктері


263. Сұйық отынды жағу үшін құю, сақтау және жеткізу кезінде оның сулануына жол берілмейді. Құюдан кейін цистернаны буландыру қажеттілігі туындаса, булану нәтижесінен суланған өнімдері мазут қоймасының арнайы ыдыстарына жіберіледі.
264. Отынның ағызылуы жабық тәсілмен ұйымдастырылады. Отынның ластануы мен оның тұрып қалуына жол бермеу үшін ағызу қондырғылары, олардың коррозияға қарсы жабыны, бу серіктері мен арматуралар жарамды күйде болуы тиіс.
Резервуарлардағы сұйық отынның төменгі және жоғарғы температуралары жергілікті нұсқаулықта көрсетілуі тиіс.
265. Отын резервуарлардан газ-турбиналық қондырғыларға (бұдан әрі – ГТҚ) жеткізу үшін жоғарғы қабаттарда қалқушы құрылғылардан алынады.
266. Резервуарлардың түпкі қабаттарынан алынған отын сынамалары түгендеу кезінде және резервуарды іске қосу алдында іріктеледі. Түпкі қабатта 0,5% аса сулану байқалған кезде ылғалданған отынның жануын алдын алу бойынша шаралар қолданылады. Суланған қабат «өлі» қалдықтың деңгейінен асып кеткен кезде ылғалданған қабат арнайы мазут қоймасынының ыдыстарына сорып алынады.
267. Жылытудың циркуляциялық жолымен резервуарлардың ішкі тексеруі 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі, бумен жылыту резервуарлары – жыл сайын ішкі резервуарлық қыздырғыштардың тығыздығын міндетті суытқыш мұнаралық сынап, коррозияға қарсы жабынның зақымдануын жояды. Резервуарлар қажеттілігі бойынша түбіндегі шөгінділерден тазартылады.
268. Монтаждағаннан немесе жөндеуден кейін сұйық отынның құбыржолдары жүйенің үш дүркін сыйымдылығына сәйкес көлемде бумен немесе тығыз ауамен үрленеді немесе химиялық жууға және жүйенің үш мәрте сыйымдылығына сәйкес көлемде одан әрі газтурбиналық отынмен жуа отырып пассивацияға ұшырайды.
269. ГТҚ-ға берілетін отын тұтқырлығы: механикалық ернемектерді қолданған кезде – 2оШВ (12 мм2/с), әуе (бу) ернемектерін қолданған кезде – 3оВ (20 мм2/с) аспауы тиіс.
270. Сұйық отын ГТҚ-ның дайындаушы-зауыттардың талаптарына сәйкес механикалық қоспадан тазартылады.
Өндірістік нұсқаулықтарда тазартылуға тиіс сүзгілерге кіруде және олардан шығуда арын құламасының жол берілмейтін мәні көрсетіледі.
271. Отын сапасын бақылау мерзімділігі және жағу үшін отынды жеткізу мен сақтау кезіндегі, сынаманы таңдау орны мен сапасын анықтаушы көрсеткіштері өндірістік ңұсқамамен белгіленеді.
272. ГТҚ-да құрамында коррозиалы-агрессивті элементтері бар сұйықотынды (ванадий, сілтілі металл) жағу кезінде отын нұсқаулықтарға (натрий мен калий тұзынан тазарту немесе коррозияға қарсы тұнбаларды қосу) сәйкес электр станцияларында өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет