«Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға Әдістемелік нұСҚау қарағанды 2018 Әдістемелік нұсқаулық «Электр техникасының теориялық негіздері»


Электрлік шаманы өлшеу әдістемесі



бет4/12
Дата11.04.2023
өлшемі1,96 Mb.
#174146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
МУ Электр техникасының теориялық негіздері

1.3 Электрлік шаманы өлшеу әдістемесі
Өлшеу тура және жанама болып бөлінеді. Тура өлшеу кезінде іздеген мән ретінде өлшеу құралының көрсеткішін алады. Жанама өлшеу кезінде физикалық шаманың белгісіз мәнін тура өлшеумен табылған мән мен белгісіз мәннің арасындағы физикалық тәуелділік арқылы табады. Мысалы, R резистордың кедергісін U кернеу мен I тоқты пайдаланып Ом заңымен табады:
.
Өлшеу құралдарын тізбекке қосу жұмыс режимінің (тоқ, кернеу және т.б. параметрлердің) нақты өзгеруіне әкеледі. Electronics Workbench прграммасында өлшеуіш құралдар идеалды болады, яғни, амперметрлердің кедергісі нөлге тең, ал вольтметрлердікі шексіз үлкен болады.

а) б)
Сур. 1.2 Өлшеу құралдарын қосу схемасы

Тізбек элементінде I тоқтың және U кернеудің өлшемдері арқылы қуатты оңай анықтауға болады:




.
Айнымалы тоқ тізбегінде активті қуат кернеу мен тоққа ғана емес олардың φ фазалық ауытқуына тәуелді болады, яғни:


.


Жұмыстың мазмұны


1. Берілген зертханалық жұмыстың материалдарын бекіту үшін студент оқытушы берген тура және айнымалы тоқтың электр схемаларын жинайды.
2. Элементтер мен олардың номиналды шамаларын жинау. Таңдалған элементтерді түсіндіру.


Бақылау сұрақтары
1. Электр өлшеуіш құралдардың қолдану саласы қандай?
2. Тура өлшеу мен жанама өлшеудің айырмашылығы қандай?
3. Өлшеуіш құралдарды таңдаудағы қойылатын талаптар?
4. Амперметр мен вольтметрді жалғау схемаларын салыңдар.
5. Амперметр мен вольтметрді пайдаланып тізбектің кедергісін қалай өлшеуге болады?
6. Тоқ пен қуаттың мәндерін пайдаланып тізбектің кедергісін жанама өлшеумен қалай есептеуге болады?
7. Вольтметрді жүктемемен тізбектей жалғаса тізбектегі тоқ қалай өзгереді?
Зертханалық жұмыс № 2


Тұрақты тоқтың тізбегін беттестіру әдісімен зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тәжірибелік түрде электр тізбектерін шешудің классикалық әдісін тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет