Синусоидалы ток тізбегіндегі индуктивтілік индуктивтілігі арқылы (5.6, а суреті) тоқ өтеді
.
Өзіндік индукцияның электрқозғаушы күші келесі формуламен
анықталады
Сондықтан, индуктивтіліктегі кернеу
.
Осы өрнектен индуктивтілікте кернеу токтан бұрышына озып тұратынын көреміз: кернеудің максимумы токтың максимумы бойынша бұрышына солға ығысқан (сурет 5.6, б); ток нөл арқылы өткенде кернеу оң немесе теріс максимумына жетеді, өйткені ол токтың нөл арқылы өткен кезде максималды болатын токтың өзгеру жылдамдығына пропорционал болады.
5.6 Сурет − Индуктивтіліктегі синусоидалы ток
Токтың кернеу бойынша фазалық ығысуы ретінде ток пен кернеудің бастапқы фазаларының айырымын түсінеді. Сондықтан, осы жағдайда
Амплитудалар ток пен кернеудің әсерлік мәндері сияқты Ом заңына сәйкес қатынаспен байланысты
Кедергінің өлшеміне ие шама индуктивті кедергі деп аталады
,
Индуктивті кедергі есептік шама болып келеді және ол арқылы өзіндік индукция құбылысы ескеріледі.