Компенсацияпринципі Компенсация принципінің маңызы келесіде: тармақтың кез-келген кедергісін ЭҚК алмастыруға болады және оның мәні сол кедергідегі кернеудің кемуіне тең, ал бағыты кедергідегі токтың бағытына қарама-қарсы болады және де бұл кезде электр тізбектегі токтың таралуы өзгермейді.
Күрделі электр тізбегінде r кедергісі бар тармақты белгілейміз, ал тізбектің қалған бөлігін 4.4, а суретінде бейнеленген активті екіұштықпен алмастырамыз.
а) б) в)
4.4 Сурет
Кедергісі бар тармаққа шамалары бойынша бірдей және бағыттары бойынша қарама-қарсы екі ЭҚК Е қосамыз. Олардың мәндері I тогынан кедергідегі кернеудің кемуіне тең (E = rI, 4.4, б сурет). Бұл кезде I тогы өзгермейді. 4.4, б суретінің схемасындағы а және с нүктелері арасындағы кернеу Ом заңы бойынша анықталады және нөлге тең болады
.
φa=φc болғандықтан, а және с нүктелерін біріктіруге болады, сәйкесінше 4.4, в суретіндегі схеманы аламыз.
Бұл схемада r кедергісінің орнына E = rI ЭҚК қосылған және оның бағыты тармақтағы I тогына қарама-қарсы.
Тізбектің кез-келген резистивті элементін алмастыратын Е ЭҚК көзі – бұл қарапайым идеалды тәуелді қорек көзі, оның ЭҚК токтан белгілі заң бойынша тәуелді болады. Тәуелді қорек көзі туралы түсінік сызықты және сызықты емес тізбектердің режимдерін есептеу және талдау үшін қолданылады.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5,6]
5.Дәріс тақырыбы:Бірфазалық синусоидалы токтың сызықты электр тізбектері, синусоидалы ЭҚК өндіру, функцияның орташа және әсерлік мәндері. Синусоидалы ток тізбегіндегі активті кедергі. Синусоидалы ток тізбегіндегі индуктивтілік.
№ 5 дәріс тезистері: Ток пен кернеудің лездік мәндері уақыттың бірдей аралықтарында қайталанып отыратын электрлік тізбектің процесін электрмагниттік деп атайды. Периодтык шаманың лездік мәндері қайталанып отыратын ең аз уақыт мерзім деп аталады. Егер t уақытының периодтык функциясы болатын шаманы F(t) арқылы белгілесе, онда t аргументінің кез-келген оң немесе теріс мәні үшін теңсіздік келесідей
мұндағы – мерзім, секундпен өлшенеді.
Мерзімге кері шаманы, яғни уақыт бірлігіндегі мерзімдер санын жиілік деп атайды
Жиіліктің өлшем бірлігі Герц (Гц); жиілік 1 Гц тең болады, егер мерзім 1 секундқа (с) тең болса. Жиілік 50 Гц кезінде 1 секундта 50 синусоидалы тербеліс жасалады.
Электрлік тізбектердегі периодтык процестің басымдылық түрі болып синусоидалы режим саналады, бұл режим барлық токтар мен кернеулер бір жиіліктегі синусоидалы функция болатынын сипаттайды. Бұл, қорек көздердің синусоидалы токтары мен ЭҚК мәндері берілген кезде мүмкін. Осыдан электр қондырғылардың ең ұтымды эксплуатациялы режимі қамтамассыз етіледі.
5.1 суретінде синусоидалы функция бейнеленген
(5.1)
мұндағы Um – максималды мән немесе амплитуда;
бұрыштық жиілік деп аталатын аргументтің (бұрыштың) өзгеру жылдамдығы; жиіліктін -ге көбейтіндісі сияқты анықталады және радиан бөлінген секундқа (рад/с) өлшенеді (5.2)
мұндағы – координаттың синусоиданың ығысуымен анықталатын бастапқы фаза; кері жартылай толқынның оңға өту нүктесінің абсциссасымен өлшенеді.
5.1 Сурет − Синусоидалы функция
Бастапқы фаза алгебралық шаманы көрсетеді. Егер синусоидалы функция координат басы бойынша солға қарай ығысса, онда бұрышы оң болады және оң жаққа саналады, яғни t = 0 нүктесіне ( 5.1 сурет).
Косинусоида бастапқы фазасы бар синусоида сияқты қарастырылуы мүмкін. Егер функция косинусоида түрінде берілсе
,
онда ол алмастыру жолымен (2.1) түріне келтірілуі мүмкін
.
Синусоидалы (5.1) шаманың өзгеру деңгейін анықтайытын шамасы фазалық бұрыш немесе фаза деп аталады. Уақыт өткен сайын фаза жоғарлайды, сонымен қатар фаза өскен кезде синусоидалы шаманың өзгеру циклы қайталанады.