«Электр тізбектерінің теориясы» пәнінің дәріс сабақтар тақырыптары Дәріс тақырыбы



бет12/32
Дата08.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#98799
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
ЭТТ лекция

Потенциалдық диаграмма – Кирхгофтың екінші заңының графикалық түрде бейнеленуі. Ол тұйық контур үшін салынады және есептеулердің дұрыстығын тексереді: диаграмманың басы мен соңының потенциалдары бір нүктенің потенциалдары сияқты сәйкес келуі керек. Диаграмма салына бастайтын нүктенің потенциалын нөлге тең деп алады. Ол үшін тік өсі бойынша тізбектің кедергілері салынады, ал көлденең өсі бойынша схемадағы нүктелердің потенциалдары салынады. Егер токтардың бағыттары айналу бағытпен сәйкес келсе, онда кедергілердегі кернеудің кемуі «плюс» таңбасымен ескеріледі және ЭҚК бағыты айналу бағытпен сәйкес келсе, ол да «плюс» таңбасымен алынады.
3.3. суретіндегі схема үшін потенциалдық диаграмма келесідей салынады. "а" нүктенің потенциалы нөлге тең болсынφa = 0, онда
φb = φa – I1R1; φс = φb + E1; φd = φc – I2R2e = φd – E2; φf = φe – I3R3; φa = φf + E3 = 0.
3.3 Сурет
Әрі қарай нүктелердің анықталған потенциалдары бойынша потенциалдық диаграмманы саламыз (3.4 сурет)



3.4 Сурет


Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5,6]
4. Дәріс тақырыбы:Екісымды тасымалдау желілері бойынша энергияны беру, беттесу (суперпозиция) әдісі және принципі. Компенсация принципі. Екі сымды тасымалдаужелілері бойынша энергияны беру.
№ 4 дәріс тезистері:
4.1 суретінде электр энергиясын тасымалдайтын екісымды желісі бейнеленген, мұндағы U1 – желінің басындағы генератордың кернеуі; U2 – желінің соңындағы Rжүк кедергісі бар жүктемедегі генератордың кернеуі; Rж – 1 және 11 желінің екі сымының кедергілері; 2 және 21 – желінің сәйкесінше кіріс және шығыс қыспақтары.
Нақты электр тасымалдау желілерден үлкен қуатты бергенде (ондаған, жүздеген мегаватт) ПӘК η = 0,94-0,97 болады, осы кезде желінің соңындағы U2 кернеуітек қана 3-7% желінің басындағы U1 кернеуден аз болады.
Желінің жұмыс режимін сипаттайтын P1(I) , P2(I), U2(I), η(I) қисық тәуелділіктері келесі теңдеулермен салынадыP1 = U1I; P2 = RжүкI2;
;
U2 = U1 – R1I,

4.1 Сурет
I – желінің тогы; P1 –желінің басындағы (қорек көзіндегі) қуат; P2 – желінің соңындағы (жүктемедегі) қуат.
Бос жүріс режимінде жүктеме ажыратылған кезде (Rжүк= ∞, 2, 21қыспақтары ажыратылған ( 4.2, а суреті)), ток Iбж=0, яғни P1 = 0; P2 = 0; η = 1, U2бж = U1.

а) б)
4.2 Сурет
Қысқа тұйықталу режимінде (Rжүк = 0, 2, 21 қыспақтары қысқа тұйықталған ( 4.2 б суреті )), .Осыдан, P1 = U1Iк; P2 = 0; η = 0; U2k = 0.
Жүктеменің келісілген режимі кезінде Rжүк = Rж; η = 50%; U2 = U1/2; Im=U1/ (2Rж=Iк/2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет