Электр тоғының зияны



Дата03.05.2024
өлшемі395,3 Kb.
#201724
Байланысты:
Презентация (5)
Какая математика нужна программисту и аналитику-

Электр тоғының зияны

Электр тоғынан зардап шегушілерге алғашқы көмек

Электр тоғынан зардап шегушіге алғашқы көмек

  • Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады. Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді. Тоқтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық - физикалық құбылыс.

ТоқТың адамға зияны

  • Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы. Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
  • Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
  • Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.

Электр жарақатының дәрежелері

  • Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді: I - дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді; II - дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады; III - дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады; IV - дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек

  • Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі - зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термикалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға - ауыз” және “мұрынға - ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

  • Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға - ауыз” және “мұрынға - ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс. Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын бір уақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет