Бақылау сұрақтары:
Жоғары вольтты сақтандырғыштар.
Майда дәнді толықтырғышты сақтандырғыштар.
Атқыш сақтандырғыштар.
Сақтандырғыштарды таңдау.
Қорғауыш жерлендіру және нөлдеу. Қорғауыш жерлендіру, арналуы, әсер ету принципі және қолданылуы.
Жерлендіргіш құрылғылардың түрлері.
Дәріс 14
Тақырыбы: ҚОРҒАУЫШ ЖЕРЛЕНДІРУ, АРНАЛУЫ, ӘСЕР ЕТУ ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ. ЖЕРЛЕНДІРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖЕРЛЕНДІРГІШТЕР.
Қорғауыш жерлендіру және нөлдеу
Қорғауыш жерлендіру, арналуы, әсер ету принципі және қолданылуы
Қорғауыш жерлендіру – қаңқаға тұйықталу салдарынан және басқа да себептерден (қатар орналасқан ток өткізгіш бөліктердің индуктивтік ықпалы, потенциалдар айырмасы, найзағай разряды және т.б.) кернеуде болуы мүмкін ток өткізбейтін металл бөліктерді жермен немесе оның эквивалентімен арнайы электрлік қосу. Жердің эквиваленті өзен суы немесе теңіз, жер қыртысындағы таскөмір және т.б. бола алады.
Қорғауыш жерлендіру арналуы – қаңқаға тұйықталу салдарынан және басқа да себептерден кернеу үстінде қалған электр қондырғысының қаңқасына және өзге ток жүрмейтін металл бөліктеріне кездейсоқ жанасқан кезде туындайтын зақымдану қауіпін жояды.
Қорғауыш жерлендіруді жұмысшы жерлендіруден және найзағай қайтарғыштық жерлендіруден ажырата білу керек.
Жұмысшы жерлендіру – электрлік тізбектің жекелеген нүктелерін жермен арнайы қосу, мысалы, генератор орамасының, қуатты трансформаторлардың, доға сөндіргіш аппараттардың, реакторлардың, сонымен қатар жерді қолдану кезіндегі фазалардың бейтарап нүктелерін. Жұмысшы жерлендіру электрқондырғыларының қалыпты және апаттық шарттарды дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған және арнайы аппараттар немесе сақтандырғыштар, разрядниктер, резисторлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Найзағай қайтарғыштық жерлендіру – найзағай ұстағыштарды және разрядниктерді найзағай тогын жерге қайтару мақсатында арнайы жерге қосу.
Қорғауыш жерлендірудің жұмыс принципі – қаңқаға тұйықталымен және басқа себептермен шартталған кернеудің шамасын қауіпсіз мәнге дейін төмендету. Бұған жерлендірілген қондырғының патенциалын төмендету жолымен, сонымен қатар адам және жерлендірілген қондырғының тұрған жердің потенциалдар негізін теңестіру жолымен қол жеткізіледі.
Қорғауыш жерлендірудің қолданылу облысы:
- егер үшфазалы үш сымды бейтарап оқшауланған айнымалы ток кернеуі 1000 В дейінгі желілерде, жерден оқшауланған бір фазалы екі сымды, сонымен қатар екі фазалы тұрақты токтарда;
- айнымалы және тұрақты тогы 1000 В жоғары кернеулі желілер, ток көзі орамасының кез-келген бейтарап тәртібінде (сурет 20).
Қорғауыш жерлендіру ең қарапайым және сонымен қатар ток жүрмейтін металл бөліктерде кернеудің түізуі кезінде зақымданудан қорғаудың тиімді шарасы.
а – 1000 В және одан жоғары бейтарап оқшауланған желілерде;
б – 1000 В жоғары бейтарап жерлендірілген желілер;
1 – жерлендірілген қондырғы; 2 – қорғауыш жерлендіргіш; 3 – жұмысшы жерлендіргіш;
r0, r3 – жұмысшы қорғауыш жерлендіру кедергісі
Сурет 20. Үшфазалы токты желілердегі қорғауыш жерлендірудің принципиалды сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |