«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет38/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік жиіліктегі магниттік толқындар.

  2. Электромагниттік толқындардың адам ағзасына әсері.

  3. Сақтандырғыштар туралы жалпы түсінік.

  4. Ұзақ ауыртпалық кезіндегі сақтандырғыш қосындысының қызуы.

  5. Қысқа тұйықталу кезіндегі сақтандырғыш қосындысының қызуы.

  6. Төмен кернеулі сақтандырғыштардың конструкциясы.

  7. Жабық көлемде доғаны сөндіретін сақтандырғыштар.


Дәріс 12

Тақырыбы: ТӨМЕН КЕРНЕУЛІ САҚТАНДЫРҒЫШТАРДЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТІКТІ АСПАПТАРДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ЖЫЛДАМ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН САҚТАНДЫРҒЫШТАР.
Төмен кернеулі сақтандырғыштардың конструкциясы

Доғаны жабық көлемде сөндіретін сақтандырғыштар

15-60 А токтардағы сақтандырғыштар қарапайым конструкцияға ие. Тегіс кірістіргіш 1 қола обоймаға 4 қалпақшамен 5 жанасады, ол жығыс түйісу орны болып табылады (сурет 15. а). Тегіс кірістіргіш 1 оңай балқитын және коррозияға тұрақты металл болып табылатын мырыштан қалыптанады.

Кірістіргіштің келтірілген формасы қолайлы токуақыттық сипаттамаларды алуға мүмкіндік береді. 60 А жоғары ток сақтандырғыштарында тегіс кірістіргіш 1 түйісу пышақтарына 2 болттардың 3 көмегімен қосылады (сурет 15. б).

Кірістіргіш герметикалық түтікшелі патронға орналастырылған, патрон бұдірлі цилиндрден 3, қола обоймадан 4 және қола қалпақшадан 5 тұрады.

Сөндіру кезінде тегіс кірістіргіштің кішірейген мойыншалары күйеді, сонан соң доға түзіледі. Доға температурасының ықпалынан бұдырлы патронның қабырғаларынан газ бөлінеді, нәтижесінде патрондағы қысым 4-8 МПа дейін жоғарылайды. Қысымның жоғарылау есебінен доғаның вольт-ампрелік сипаттамалары артады, ол оның жылдам сөнуіне жағдай жасайды.

Тегіс кірістіргіш номиналды кернеуге тәуелді бір ден төртке дейін кәшәрейген мойыншаларға ие болуы мүмкін (сурет 15. в). Кірістіргіштің кішірейген аймақтары қысқа тұйықталу кезінде тез балқуына алып келеді және токты шектеу эффектісін түзеді.


Сурет 15. ПР-2 типтегі сақтандырғыштар
Доғаны сөндіру өте жылдам (0,002 с) болатындықтан кірістіргіштің кеңейген аймақтары сөндіру үрдісінде қозғалыссыз қалады деп есептеуге болады. Төрт мойыншалы кірістіргішті қарастырайық. Олардың күйуәнен соң төрт үзіліс түзіледі. Әрбір үзіндінің катодында 200 В электрлік беріктік қалыптасады, ал сақтандырғыштың жиынтық беріктігі 800 В жетеді. Бұл құбылыс жоғары қысыммен қатар 500 В дейінгі кернеу кезіндегі доғаны сөндіруге мүмкіндік береді.

Патрон ішіндегі қысым кірістіргіштің балқуы мезетіндегі ток квадратына пропорционал және ол үлкен мәндерге жетуі мүмкін. Сондықтан бұдырлы цилиндр жоғары механикалық беріктікке ие болуы керек, ол үшін оның соңында қола обоймалар 4 орнатылған. Түйісу пышақтарымен 2 мықты байоанысқан дискілер 6 патронның обоймасына 4 қалпақшалардың 5 көмегімен бекітіледі.

Сақтандырғыштар дыбыссыз жұмыс істейді, іс жүзінде жалын мен газдарды бөлмейді, бұл оларды бір-біріне жақын қашықтықтарда орнатуға мүмкіндік береді.

Сақтандырғыштар екі түрлі өлшемде шығарылады – қысқа және ұзын осьті. Қысқалары 380 В жоғары емес айнымалы кернеуде жұмыс істеуге арналған. Олар ұзын осьтіге қарағанда 500 В дейінгі желілерде жұмыс істеуге есептелген төменгі сөндіргіш қабілетке ие.

Номиналды токқа тәуелді түрлі диаметрдегі алты габаритті патрондар шығарылады. Әр өлшемдегі патронда түрлі номиналды токты кірістіргіштер орнатылуы мүмкін.осылайша 15 А номиналды ток патронына 6, 10 және 15 А токтарға кірістіргіштер орнатылуы мүмкін.

3 кестеде ПР-2 типті сақтандырғыш үшін сынақ токтарының мәндері келтірілген.


Кесте 3.

Кірістіргіштің номиналды тогы, А

Сынақ тогының өту ұзақтығы, сағ

Номиналды токқа қатынасты сынақ тогының қайталануы

Төменгі мәні

Жоғарғы мәні

6, 10

1

1,5

2,1

15, 20, 25

1

1,4

1,75

35 – 350

1

1,3

1,6

430 – 1000

2

1,3

1,6

Сынақ тогының төменгі және жоғарғы мәндері болып бөлінеді. Сынақ тогының төменгі мәні – бұл 1 сағ ішінде өтетін және сақтандырғышты күйдірмейтін максималды ток. Сынақ тогының жоғарғы мәні – бұл 1 сағ ішінде өтетін және сақтандырғыштың кірістіргішін балқытатын минималды ток. Сынақ токтарының орташа арифметикалық мәніне тең шектік токты жеткілікті дәрежеде дәл қабылдауға болады.

ПР-2 типті сақтандырғыштар токты шектеуге ие. Қысқа тұйықталу тогы 50000 А тізбектегі 6 А номиналды токқа тегіс кірістіргіш 400 А ток кезінде. Бірақ, номиналды ток неғұрлым көп болса, токты шектеу эффектісі соғұрлым төмен. 600 А номиналды ток кезінде токты шектеу болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет