Заярлталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі бос кеңістік арқылы лезде іске асырылады. Алыстан әрекеттесу принципі осындай.
Ағылшының ұлы физигі М. Фарадей алсытан әрекеттесу теориясына қарсы шықты. өрістерді сипаттау үшін Фарадей XIX ғасырдың 30-жылдардарында зарядтарға әрекет ететін күшті анықтайтын күш сызықтары ұғымын енгізді.
Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары
Зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең:
Е = E1 + E2 + ...
Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады.
Күш сызықтарының мынадай қасиеттері белгілі:
Күш сызықтары үзіліссіз. Олар оң зарядтан шығады және теріс зарядқа кіреді немесе шексіздікке кетіп жатады.
Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.Егер олар қиылсса, онда қиылсу нүктесінде кернеулік векторының әр түрлі екі бағыты болар еді.