Электрофильді қосып алу реакциялары. В. В. Марковников ережесі



бет5/12
Дата27.01.2020
өлшемі471,61 Kb.
#56597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
тапсырма 1



3. Олефиндер галогенсутектерді де біріктіреді:

Ең оңайырақ әрекеттесетін иодты сутек Фторлы сутек қосылуымен қабат жиі олефинді полимерлендіреді (әсіресе ылғал болғанда).



Галогенсутектердің симметриялы емес олефиндерге бірігуі В. В. Марковниковтың ережесіне сәйкес жүреді: қос байланыстағы көміртектердің қайсысында сутегісі көп соған протон немесе сутегі ал сутегісі азына гологен қосылады.

Галогенсутектің бірігуінің бұлай бірыңғай бағыт алуын былай түсіндіруге болады: қос байланысты көміртек атомдарының қасындағы радикалдар электрон бұлтын өздерінен ығыстыратын қабілеті бар (индукциялық эффект тура стрелкамен қосарланатын эффект иілген стрелкамен көрсетілген), осының себебінен қос байланыстың электрондары шеткі көміртек атомына жылжиды да, ол көбірек теріс электрленіп галогенсутектің протонын екінші көміртек атомынан гөрі күштірек тартатын болады. Бұдан басқа, реакцияның бірінші сатысында түзілетін катиондар тұрақтылығының да манызы болады: катион А катион Б-дан гөрі тұрақтырақ, өйткені бұның қосарланатындығы айқынырақ болып тұр (А катионның бос орбитасы бСН-байланыстарының электрондарымен, ал Б катионында 2СН-бйланыстарымен ғана әрекеттесіп тұр.



Реакцияның екінші сатысында галогеннің анионын екі катион да қосып алады.



Марковниковтың ережесі галогенсутектердің иондық (гетеролитикалық) механизмі бойынша бірігуінде ғана сақталады. Егерде механизм радикалдық (гомолитикалық) болса, онда галогенсутекті қосып алу кері жүреді (Караштың асқын тотық эффектісі). _.



Радикалдық қосып алу мысалы, олефиндерді бромдысутекпен асқын тотықтардын немесе оттектің қатысуында әрекеттестіргенде байқалады. Оттектің бромдысутекпен әрекеттесіп, бром-атомын босатады, ал бұлар қос байланысты шеткі көміртек атомына қосылады, өйткені бұл кезде тұрақтылау радикал тузіледі. Пайда болған радикал реакция тізбегін әрі жалғастырады.

4. Олефиндерге гипогалогенит қышқылдарының және олардың эфирлерінің қосылуы да Марковниковтың ережесі бойынша жүреді: теріс электрлі гидроксил көбінесе ең аз сутектенген көміртек атомына қарай жүреді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет