Электролитік диссоциация теориясы §1 Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары Электролиттер Электролит



бет7/13
Дата16.05.2020
өлшемі256,43 Kb.
#68931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Химия. Электролиттік диссоцация. лекция-8

§5 Тұздар диссоциациясы

Тұздар орта, қышқыл және негіздік тұз деп бөлінетінін білеміз, енді қышқыл және негіздік тұз диссоциациясын қарастырайық.

Бұл тұздарда алдымен иондық байланыстар, одан кейін полюсті ковалентті байланыстар ыдырайды, ал полюссіз байланыстар еріткіш әсерінен иондарға ыдырамайды. Еріткіштің иондау қабілеті оның полюстілігіне байланысты болады, ал бұл шаманы диэлектриктік өтімділік арқылы өрнектейді:

Σ(H2O) = 78,3, Σ(C2H5OH) = 25,2, Σ(C6H6) = 2,28

Σ(H2O) > Σ(C2H5OH) > Σ(C6H6)

Қышқыл тұздар орта тұздарына қарағанда суда ерімтал келсе, негіз тұздардың ерігіштігі төмен болады.

Натрий гидросульфатындағы (NaHSO4) элемент электротерістіліктерін салыстырып, байланыстың қай жерінен үзіліп, ерітіндіге ион түрінде бөлінуін көрейік; ол үшін қосылыс құрамындағы элементтердің электртерістіліктерінің мәнін келтірсек:

χ (Na) = 0,9 χ (O) = 3,5 χ (H) = 2,4 χ (S) = 3,2



Қосылыстың графикалық формуласын жазсақ:

олай болса, заттың диссоциациялануы мынадай сатылармен жүреді:



Сонда, алдымен иондық байланыс және полюстілігі жоғарырақ байланыс үзіледі де, ал полюстілігі азы тұтасымен ерітіндіге өтеді.

Осы сияқты негіздік тұз диссоциациясы да сатылы жүреді. Олар суда нашар еритіндіктен, оның диссоцияциясы баяу жүреді. ()

CoOHCI ↔ (CoOH)+ + CI-

(CoOH)+↔ Со+2+ ОН-

Ал, ерімтал орта тұздар бір сатымен диссоциацияланады:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет