Кешенді қосылыс диссоциациясына тоқталсақ, ондай қосылыстарды (катионды, анионды) суда еріткенде диссоциация екі сатымен жүреді. Бірінші сатысында сыртқы сфера ішкі сферадан бөлінеді. Cебебі олардың арасында иондық байланыс. Ал, ішкі сферадағы бөлшектердің бір-бірінен ыдырауы қайтымды үдеріс байланыс-ковалентті донорлы-акцепторлы механизммен түзілген. Осы сатысының жүруін сипаттайтын тұрақты шаманы қосылыстардың тұрақсыздық константасы деп атайды. Бұл шаманың сандық мәні неғұрлым үлкен болса, кешенді қосылыс тұрақсыз, ал кіші мәнді болса – тұрақты, берік қосылыс болады.
[Cu(NH3)4]SO4→ [Cu(NH3)4]2+ + SO4-2
[Cu(NH3)4]2+↔Cu2+ + 4NH3
[Cu(NH3)4]+2 = 2,1 ∙ 10-13
K2[Cu(CN)4] → 2K+ + [Cu(CN)4]-2
[Cu(CN)4]-2↔ Cu2+ + 4CN-
[Cu(CN)4]2- = 5 ∙ 10-28
Олай болса, келтірілген мысалда екінші қосылыс біріншісіне қарағанда берік болып саналады, себебі .
Күшті электролиттерге суда жақсы еритін тұздар жатады. Ал, қышқылдар мен негіздердің күшті не әлсіз болуы молекуладағы байланыс полюстілігі мен беріктілігіне тәуелді, енді соны қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |