Диссоциалануынан тузiiн иондардан басқа, судың диссоциациялануынан сутек катионы мен гидроксил анионы болады, сондықтан катодта зарядсыздана алатын металл иондары және сутек катиондары болады. Қандай ионның
зарядсыздануы олардың активтік қатардағы орнына, иондар концентрациясы мен электрод материалына байланысты. Оңай зарядсызданатын металдар активтік катардың соңында, киын зарядсызданатын металдар активтік қатардың бас жағында орналасқан.
Электролиз процесі нәтижесінде белiнетiн заттың мөлшері сол заттың табиғаты мен электролиттен өткен ток мелшерiне байланысты (Фарадей заңдарын қараңыз). Электролиз процесі лабороторияда,
ғылыми-зерттеу жұмыстарында, ӨНДIРIСТЕ кеңінен қолданылады. Өндiрiстерде электролиз арқылы көптеген металдар, сiлтiлер, хлор, сутек, оттек, ауыр су, көптеген органикалық заттар, тағы баскалары алынады.