Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты үздіксіз және сызықтық болады.
Үздіксіз Рентген сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің (мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар) нысана атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады
Сызықтық Рентген сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады.
Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект құбылысы байқалады.
Гамма-сәулелер
Гамма-сәулелер(ү-сәулелер) — табиғи және жасанды радиоактивті элементтер ядросынан ұшқындайтын қысқа толқынды электрмагнитті сәулелер.
Гамма-сәулелену (гамма-сәулелер, γ-сәулелер) - өте қысқа толқын ұзындығы - 2-10-10 м-нен аз, нәтижесінде айқын корпускулярлық және әлсіз толқындық қасиеттерімен сипатталатын электромагниттік сәулеленудің түрі.
Бұл иондаушы сәуле, яғни радиацияға жатады. Затпен өзара әрекеттесуі әртүрлі белгілердегі иондардың пайда болуына әкелуі мүмкін.