Электронды аспаптар жайлы жалпы түсінік Электронды аспаптар


Диодтар түрлері мен олардың негізгі принциптері



бет2/5
Дата01.05.2022
өлшемі324,55 Kb.
#141630
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек2

Диодтар түрлері мен олардың негізгі принциптері

Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай жартылай өткізгішті диодтар әр түрлі болады.Ең көп араған диодтар түзеткіштік диод, стабилитрон, варикап, фотодиод, жарық диоды.Енді диодттарды жеке жеке қарастыралық.


Төменде түзеткiш (импульстi және жоғары жиiлiктi) диодтың шартты белгiленуi көрсетiлген.

Түзеткіш диод

Түзеткiш диод p-n ауысуының вентильді қасиетiн пайдаланады және айнымалы тоқтарды түзету үшiн қолданады. Диодты жасау үшiн Ge және Si қолданылады. Түзеткiш диод өзiне берiлген кернеудi басқаратын электронды кiлттi (ЭК) жинайды. llтура кезiнде ЭК жабық, Uкерi кезiнде ЭК ашық. Тура кернеу берiлгенде диодтағы кернеудiң төмендеу әсерiнен жүктемедегi кернеуiнен бiршама аз болады. Гелийден жасалынған диодтың тура кернеуi Ug тура -0,5В, ал кремнийден жасалынған диодтағы Ug тура ≤ 1-1,5В.


Импульстi диод - өтпелi үрдiстерi қысқа болатын және жұмыс кезiнде вольт-амперлiк сипаттамасының (ВАС) тура және керi тармақтарын (түзеткiш диодтар сияқты) қолданатын шалаөткiзгiштi диод. Диодтағы өтпелi үрдiстердiң ұзақтығы Сдиф және Сзар сыйымдылықтарының қайта зарядталынуына байланысты.
Жылдамдықты жоғарлату үшiн импульстi диодтарды нүктелiк құрылым түрiнде дайындайды, бұл оның p-n ауысу ауданының минималды болуына себеп болады. Сонымен қатар, τққ шамасын азайту үшiн база енiн (қалыңдығын) барынша жұқа етiп жасайды. Импульстiк диод ретiнде Шоттки диодын қолдануға болады.



Импульстік диод
Жарық диоды – Ток жүрген кезде p-n өтпесінен жарық шығаратын шала өткізгішті диод жарық диоды деп аталады.Жарық диодттары негізінен цифрлық индикаторларды қолданылатын.
Жарық диодттары галлий арсенидттері мен фосфидтерінен және силиций карбидтерінен жасалады.
Жарықтың токтан тәуелділігі жарық диодының негізгі сипаттамасы болып саналады.Токтың белгілі бір мәнінен бастап ток өскен сайын жарықтылықта өсіп отырады

Фотодиод —Кері тогы p-n өтпесінің жарықталынуына байланысты өзгеріп отыратын шала өткізгішті диод деп аталады.Фотодиодтар екі түрлі жұмыс әлпінде пайдаланылады: сыртқы қорек көзінсіз фотогенератор ретінде және сыртқы қорек көзімен фототүрлендіргіш ретінде.Фотодиод, қарапайым диод секілді, бір p-n өтпесінен тұрады.Бірақ түйіспесінің ауданы әлдеқайда үлкен болады.
Фотодиод автоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларында, индикаторлық құрылғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін және фотометрияда, телекескіндерді беру құрылғыларында қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет