Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
Novell Netware немесе Wіndows NT басқаруындағы жергілікті желіде əртүрлі жергілікті операциялық жүйелердегі жұмыс станциялары жұмыс істей алады. Ол үшін Wіndows9x басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларында конфигурациясы желілік торап жағдайына байланысты өзгеретін желілік клиент орнатылуы керек.
Wіndows желісіндегі жұмыс станциясы
Wіndows NT желісінде жұмыс станциясының параметрлерін анықтау үшін қосылған желілердің тексерілуі жайлы қосымша ақпарат пен тіркеу іске асырылатын домен аты көрсетілетін желілік тораптың сəйкес пункті қолданылады. Wіndows желісін басқару мен тіркеуде желілік администратордың арнайы утилиттері, жəне администратор сервері мен қолданушылар пайдаланылады. Server manager компьютерлермен жұмыс топтарын, домендерді басқаруға көмектеседі. User manager Wіndows желісінде жұмыс істеуге қажетті қолданушыларды тіркеу, құқықтары мен басқа да сипаттамаларды басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |