Электростатика Жоспары



Дата07.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#161754
Байланысты:
Электростатика


Электростатика
Жоспары.

  1. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Күш сызықтары;

  2. Электр өрісі күштерінің жұмысы

  3. Электрсыйымдылық. Конденсатор.

  4. Зарядталған конденсатор энергиясы

Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді. Осы күштің әрекетінен дене орын ауыстыра алады, яғни зарядтың орын ауыстыруы кезінде жұмыс атқарылады.
Қозғалмайтын электр зарядының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады.
Өрісті сиаттау үшін екі шама енгізілген: күштік сипаттама – кернеулік, энергетикалық сипаттама –потенциал.
Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/Q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.
Өріс кернеулігінің бағыты осы өрістегі оң зарядқа әрекет ететін күштің бағытымен бағыттас векторлық шама болып табылады. Кернеулік E арқылы белгіленеді:
E = F/Q
ХБЖ жүйесінде электр өрісі кернеулігінің бірлігіне 1Н/Кл алынған.
Екі металл паластиналарды бір-біріне параллель орналастарайық. Осы пластиналарың біреуіне +q заряд, ал екіншісіне –q заряд берсек, онда пластиналардың арақашықтығы олардың сызықтық өлшемдерімен салыстырғанда аз болса, онда бұл өрістің кернеулік сызықтары параллель болып шығады. Пластиналар арасындағы өрістің күші және бағыты бойынша (біртекті) тұрақты болады және оның пластина шетінде бағытын өзгертіп әлсізденеді.

Әр нүктеде модулі мен бағыты бойынша кернеулігі тұрақты электр өрісін біртекті деп атайды. Біртекті электр өрісіндегі кернеулік сызықтары бір-біріне параллель. Электр өрісінің кернеулік сызықтары тұйықталған, үздіксіз және қиылыспайды. Пластиналар арасындағы кеңістіктің ортасындағы өрісті ғана біртекті деп атауға болады, себебі пластиналардың шетіне векторлары өрістің әртүрлі нүктелерінде бірдей болмайды. Өрістің әртүрлі нүктелеріндегі кернеулік сызықтарының тығыздығы әртүрлі болатын өрістерді біртекті емес өріс деп атайды. E = U/d
Формуладан көріп отырғанымыздай электр өрісі кернеулігінің мәні кернеуге тура пропорционал, ал арақашыққа кері пропорционал.
Конденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады.
Бұл өткізгіштерді (пластиналарды) конденсатордың астарлары деп атайды.
Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы:

мұнда S – әр пластинаның ауданы, d – пластиналар арасындағы арақашықтық.
Сфералық конденсатордың электр сыйымдылығы:

Түрлері
Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады.
Жазық конденсатор бiр-бiрiнен аз арақашықтықта орналасқан бiрдей екi параллель пластинадан тұрады
Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

Зарядталған конденсатор энергиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет