«Әлемдік бейнелеу өнерінің тарихы» пәні
1 - курс, Кинотану
«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі Джабыкбаева Меруерт Бакытжановна
№1 дәріс. Тақырыбы:
Кіріспе. Бейнелеу өнерінің түрлері.
Алғашқы қауымдық бейнелеу өнері.
Мақсаты: Бейнелеу өнерінің түрлерін, жанрларын, стильдерін түсіндіру
Дәрістің мазмұны:
«Бейнелеу өнерінің тарихы» пәніне анықтама. Қозғалыс пен ырғақ. Уақыт пен кеңістік. Дәуір мен стиль. Объективті және субъективті шынайылылық. Түс, сызық, көлем.
Графика түрлері. Ксилография, литография, офорт, линогравюра. Гравюралық ерекшеліктерді түсіндіру.
Мүсін өнері түрлері. Қондырғылы мүсін өнері. Монументалды мүсін өнері. Сәндік мүсіндер. Пластика ерекшеліктері.
Кескіндеме өнері. Қондырғылы кескіндеме өнері. Монументалды кескіндеме өнері. Миниатюра. Түстік ерекшелік негіздері.
Сәулет өнері негіздері. Қолданбалы сәндік өнері. Көркем тоқыма, ағашты көркемдеп өңдеу, металды көркемдеп өңдеу.
Дизайн өнері. Киім дизайны, графикалық дизайн, жиһаз дизайны. Тарихи шолу. Бейнелеу өнеріндегі жанрлар: Портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи, тұрмыстық, батальды, маринистік, анималистік, діни-мифологиялық.
Сәулеттік стильдер: готика, барокко, рококо, ампир, классицизм, модерн, конструктивизм.
Графика
Мүсін өнері
Сәулет өнері
Кескіндеме өнері
Дизайн өнері
Қолданбалы сәндік өнері
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Бейнелеу өнерінің түрлері?
2. Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын билесің?
3. Кескіндеме өнері қай өнер түріне жатады?
4. Қондырғылы және монументалды өнер дегеніміз не?
5. Графика өнері дегеніміз не?
Әдебиет:
Ильина Т.В. История искусства. Западноеврпейское искусство. – М., 2000.
Любимов Л. Ежелгі Дүние өнері.-Алматы, 1983
Всеобщая история архитектуры: В 12 т. – Т.1. – М.: «Лит-ра по строит.» 1970
Бартенов И.А., Батажкова В.Н. Очерки истории архитектурных стилей. М., 1983.
Виппер Б.Р. Введение в историческое изучение искусства. М., 1985. Даниель. Искусство видеть.М., 1980
Алғашқы қауымдық бейнелеу өнері.
Архиологтар белгілі дәірлердегі еңбек құралдары дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларғы бөледі: тас, қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі палеолит / ерте тас ғасыры/ және неолит /жаңа тас ғасыры/ болып бөлінеді.
Палеолит төменгі /ертеректегі/ және жоғарғы / кейініректегі/ болып бөлінеді. Палеолит пен неолиттің арасындағы кезеңді энеолит деп атайды. Сексен мың жыл шамасында табиғат жағдайы түбірінен өзгерді. Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз дәуірі басталды: мұз Скандинавиядан оңтүстікке қарай Вельнюс – Орша – Вышний Волочок қалаларына созылды. Осынндай қатал табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді / олармен бірге мамонт, бұғылар, бизондар өмір сүрді/.
Палеолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны б.з.д. 14-12 мыңжылдықтан 6-5 мыңжылдыққа созылған мезолит /орта тас дәуірі/ алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылар толық тамақтарын тауып ала алмағандықтан терімшілікке көшті, балық аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Жануарлады қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосын ұсақ және ірі малдарды үйретті.
Мезолит кезінде біздің елімізлегі оңтүстігінде қарудың жаңа түрі жасалды. Жүзі шақпақтасты, жебе мен садақты ойлап тапты.
Жоғарғы палеолит мен мезолит кезеңінде өмір сүрген аналық ру неолит дәуірінде өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу формасынан өндіру формасыеа бірте – бірте көше бастады. Бұл кезеңде тас құралдарын жсау технмкасы одан әрі жетілдірілді. Адамдар тас балталарды, түрлі сүйек құралдарды кең пайдалана бастады. Неолит үшін бұрғылап тесілген және қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы, тоқу станогының пайда болуы, балшықтан ыдыс дасай білуі, ағашты алуан түрлі етіп өңдеу, қайық жасау, ау тоқу тән болды.
Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді. Үйлердің түрлері пайда болды, керамика кең етек алды.
Қола ғасырдың бастамасы болып саналатын эниолит /мыс – тас ғасыры/ кезеңі басталды. Энеолит адамдарының сыртқы бейнесінде қазіргі адамдардан айырмашылығы болмады.
Қола ғасыры мен темір ғасыры
Адамзат дамуындағы жаңа баспалдақтар қола және темір ғасырында қаланды. Металл өндіру әдістері жетілдірілді, өнер жаңа формаларға ие болды.
Ұлы өзендер бойында жоғарыда айтылғандай, алғашқы құл иеленуші мемлекеттер пайда болды.
1940 жылға қыркүйекте Францияның оңтүстік-батысындағы Монтиньяк қалашығының жақын маңынан б.з.д. көптеген мыңжылдар бұрын өмір сүрген адамдардың үңгірі табылды. Үңгір қабырғаларындағы түрлі аңдардың керемет шеберлікпен салынған суреттері бейнелеу өнерінің сол кезде де жақсы дамығандығының айқан дәлелі. Бұл «Алғашқы қауым бейнелек өнерінің Сикст капелласы» атанған Ласко үңгірі еді. Үңгірдің бейнелеу өнері жасаған адамдардың талпыныстары мен шығармашылық еркіндігін толық білдірді.
Солтүстік Испанияда тамаша бейнелеу өнерімен даңқы шыққан Альтамир үңгірі ашылғанда, тіпті ондағы суреттерден кейін салынғанын дәлелдеу арқылы адамзат тегінің ежелгілігін теріске шығарамыз деп армандаған адамдардың ойы іске аспады.
Палеолит термині (грек «палатос» - көне, «литос» - тас деген сөздерінен) көне тас ғасырын білдіреді. Ласко үңгірінің бейнелеу өнері негізінен біздің дәуіріміздің басындағы ХVІІ ғасырға жатса керек. Ласко үңгірінің қабырғалары сарғыш балшықпен, күйемен, ақ балшықпен салынып, қарамен жиектелген жүздеген сары, қызыл, қоңыр кескіндермен безендірілген: ол кескіндер – кісі таңқаларлық сәндік кенере құрйтын бұғы бастары, өз тұрқымен бірдей дерлік етіп салынған текелер, жылқылар, бизондар, мүйізтұмсықтар.
Дегенмен, Ласко үңірінен әлдененің күрделі сюжеті бар көпшілік көрінісін бейнелеу талабын сирек те болса ұштаратамыз. Найзамен жараланып, ішек-қарны ақтарылған бизон жатыр. Оның алдында шалқасынан құлаған адам. Шеткеріректе мүйіз тұмсық тұр, адамды жеңген бәлкім сол болар. Жартастағы осы бір тұрмыстық суреттің дәл мазмұнын анықтау қиын.
Баланың салған суретіндей, адам домбарланып, олақ бейнеленген. Бірақ бірде-бір бала қансыраған бизонның трагедиялық бейнесін дәл осылай бере алмаған болар еді.
Қазіргі Францияның оңтүстік-батысы, қазіргі Испанияның солтүстігі – жоғары (яғни кейінгі) палеолит дәуірінің жартастағы бейнелеу өнерімен әйгілі үңгірлері табылған жерлер осылар. Төменгі Оралдағы Каповая үңгірінен 1959 жылы палеолит өнерінің тамаша ескерткіштері: түп-түгел ашық қызыл етіп салынған жеті мамонттың, екі мүйізтұмсықтың және үш жылқының кескіндері табылды. Ласко үңгірі бейнелеу өнерімен таңданарлық стиль ортақтығы, бір-бірімен ештеңе алмаса алмаған алғашқы қауым суретшілер шығармасында жан тебірентерлік үндестік жатыр.
Кейінгі палеолитті бөлетін олжа табылған орындардың атымен аталады:
Ориньяк (б.з.б. 40-30 мың жыл).
Солютре (б.з.б. 35-25 мың жыл).
Мадлен (б.з.б. 25-12 мың жыл).
Достарыңызбен бөлісу: |