Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен.
Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз.Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр. Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура» қазақ тілінде – ақылды, «мазда» – құдай деген мағынаны береді.
Даосизм (қытайша «дао цзяо» – «жол ілімі») б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император») ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алды. Ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзыныкі саналады. «Жол және ізгіліктер туралы канонда» (Дао-де-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) Чжуан-цзыда баяндалады. Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы» (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) және «Хуаинань-цзы» (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған. Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.