Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау. Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Исламда бес парыз бар:
Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с) (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беру;
Бес уақыт намаз оқу;
Зекет беру;
Шамасы жетсе, қажылыққа бару;
Рамазан айы бойы ораза тұту;
Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің (с.ғ.с) аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар.
Қорытындылай келе, «Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді. Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады. Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар.