«Әлемдік мәдениет тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)


О.Шпенглердің мәдениет типологиясы



бет4/6
Дата30.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#2885
1   2   3   4   5   6

О.Шпенглердің мәдениет типологиясы

Шпенглер бойынша, мәдениеттің өмірлік циклі – бұл кез келген тірі организмнің өмірлік циклі. О. Шпенглер өзінің аяқталуна жеткен 8 мәдениеттер типін атап көрсетеді, олар: қытайлық, вавилондық, үнділік, антикалық. Арабтық, батысеуропалық, майшық. Туындау сатысында, оның пікірінше, орыс- сібірлік мәдениет тұр. О. Шпенглер өз критерийлеріне халықтың, ұжымдық жолының ішкі, психологиялық құрылысы жатады. Шпенглер бойынша, мәдениеттің мәні- бұл халықтың ұжымдық жолының өзін білдіруге ұмтылысы. Әрине, ұжымдық жолға өзіндік көңіл күйі, сезімталдық әлемі, оның негізінде ұжымдық жан өмір сүретін, сезінетін, жасайтын, одан мәдени формалардың бүкіл байлығы шығатын, өзіндік психикалық ішкі рәміз тән. Антикалық мәдениетте О. Шпенглер көрінетін шекара приціпіне негізделген апалондық жанды көреді. Гректер үшін көзбен көрінетін үш өлшемді кеңістікбар болды. О. Шпенглер тарихи мәденитип шектерінде мәдениет басқалардан ештеңені қабылдамай, оқшау өмір сүреді, сондықтан мәдени сұхбат мүмкін емес деп пайымдады.



Ф. Ницшенің типологиялық моделі

Кейбір ескертулер мен типологиялық модель сапасында неміс философы Ф.Ницше ұсынған Десонис- Аполлон типологиясын Ницшенің мәдениетінің бүкіл мазмұнын өнер саласымен шектейтіндігі немесе мәдениеттер типтерін ажыратуда ол бұл салаға көпшілік, сенімділік мақсатындакөңіл аударуы ма – бұлар әбден түсінікті емес, бірақ өзінің типологиялық мәдени бойынша қарама- қасы болмыс пен мәдеиеттің моделін ол көркем шығармашылық негізінде құрастырады. Өз моделінің түбегейлі типологиялық критерийін Ф.Ницше қабылдау тәсілінде, әлемді игеруде, дәлірек айтқанда, адамның дүниені қабылдау табиғатында көреді. Ф.Ницше дүниені қабылдау мен шығармашылық негізінде екі бастау : апполондықжәне дионистік жатыр деді. Ф.Ницше үшін Апполон- Эллады руханилық жүзеге асуы, күдік жан, құдайлық ақиқаттың, аспан стихиялық, тыныштық, реттіліктің, шаманың, далалық пен өзін шектеудің, алтын ортаның иегері: Дионис- жер стихиясының құдайы, жер өңдеудің өнімділіктің құдайы, өсімдік дүниесінің, шарап дайындаудың, жүзім өсірудің қамқоршысы, сезімталдықтың, эмоциялықтың, сезімдер қопарылысының, қуаныштың, көңіл көтерудің, кез келген атқарушылықтың кез келген шамадан асуының құдайы.



К.Ясперстің мәдени – типологиялық моделі.

К.Ясперс сенімі бойынша, тарих пен мәдениеттің дамуында шешуші рөлге экономикалық емес, рухани фактор ие болады. К.Ясперс бойынша, мәдениеттің белдеулік уақыты - бұл өзінше тарих «орталығы». Оған дейін адамзат қоғамның мәдениетті дамуы негізінен шектелген сипаттама болады. Содан кейінгі адамзаттың әмбебап, бірегей мәдени – тарихи дамуының мүмкіндігі ашылды.Осыған орай дүние жүзілік тарих схемасын белгілей келе, К.Ясперс тарихтың төрт гетерогенді кезеңіне сәйкес келетін төрт тарихи мәдени типті атапп көрсетеді, олар:



  1. тарихқа дейінгі алғашқы қауымдықкезең- мәдениеттің прото- тарихи типі;

  2. ежелгінің «ұлы мәдениеттері» дәуірі;

  3. адамның болмыс негіздерінің қалыптасу дәуірі- өзіндік бәлдеулік уақыт және шектелген тарихты бірегей дүниежүзілік мәдени- тарихи процеске айналдыру негіздері қалаған әмбебапгуманистік мәдениет;

  4. белдеуліктіктен кейінгі, ғылым мен техникалық дамуына негізделген және адамзат пен оның мәдениеттік өркениеттік шектелген тарихи санасына жартылай қайтарылған «империялық дәуір». К. Ясперсбойынша, адамзат төрт рет қайтадан жаңа негізден жолға шыққандай болады.

Номадалардың ежелгі мәдениеті.

Алғашқы қауымдык құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және ол жүздеген мыңжылдықтарға созылды. Алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірі бұдан 2.5-2.6 млн жылдай бұрын басталып, б.з.б 2000 жылдықтың басына дейін созылған. Кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеніңде өзгеріске ұшыраған.

1. Перигорд кезі әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.

2. Ориньяк кезі. Бұл дәуірде жұмсақ тастан және пілдің азу тісінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің алғашқы туындылары "венералар" деп аталды.Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын болған. Әмірші ана ұрпақтың есен саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады.Алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты гөрі ұрпақты көбейтер қасиеті-әйелдің салмақты күшін басымырақ көрсеткісі келген.

3.Солютре кезі. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар т.б жасала бастады.

4.Мадлен кезі. Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табиғат қыспағында өмір сүрді.

Кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болды.Бүл кездегі адамның ең басты тіршілік кәсібі-аң аулау болған.Аңшы өзінің болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланыста болады.Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді.Сиқыршылықтың басты мақсаты-адам бойындағы ауруды қуып шығу, жақсы көрген адамын айналдырып алу және т.б. Магияның негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм -адамдардың өздерінің ата тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен тығыз байланыста қарастыруы.Австралия-тотемизм мен сиқырлаудың классикалық елі Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады.Олай болса үңгір қабырғаларының көрінген жеріне салынған, бір-бірімен байланыссыз, ешқандай өрнек құрамайтын сан алуан сызықтар мен шимайлар бейнелеу өнерінің ортақ композициясын құрамаса да, олардың әрқайсысын жеке қарастырғанда алғашқы адамдардың дүниетанымдық көзқарастарының хабар беретін өнер туындылары.

Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері мезолит, неолит дәуірлеріндеадамдар баяу болса да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі.Ол енді жалқыға емес жалпыға, жеке аңға емес, тұтас үйірге назар аударып, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете отырып, дүниені рухани сезіммен анағұрлым кең әрі ұйымшылдықпен қамтыды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі-неолит дәуірі.Бұл дәуірдің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшеігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде аңдардың бейнесін салуда сапасы жақсарды. Ең бастысы аңдар бейнесін қозғалыс күйінде көрсетуге тырысты.

Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге бөлуге болады. Олардың алғашқысы аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, қызыл қарағайдан сапалы әрі мықты кайықты жасауды меңгерген.Қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш плащтар тіккен.Солтүстік Американы мекендейтін индеецтердің арасында "сыйлық"деп аталатын ғұрып етек алған.Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп нығайтқан. Ұндістербің ойып жасаған заттарының композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік етіп жасалады. Оған мысал ретінде зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырсақ.Бұл туындының ең астында кит, оның үстінде ер адам, оның басында түрегеліп тұрған әйел, ал әйелдің басында отырған бүркіт бейнеленген. Бұл "спорттық пирамида" қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді. Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты.Егіншіліктің алқашқы түрі көшпелік сипатта болған бірақ көп ұзамай ақ бұл кәсіптің қыр сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылыққа көше бастады. Адамдардың отырықшылыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда бола бастады. Егіншілер мен малшылары шаруалар болды. Олардың діндері анимизм болды. Анимизм рух жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.

Алғашқы қауым адамдарды сиқыршылықта жиі қолдады. Бірақ аңдық сиқыршылыққа қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. Шаруа үшін жер құдай-ана болып табылады.Сондықтан да егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар маусымдық сипатта болды.Егіншілікке байланысты әдетғұрыптардаер адамдар басты рөльді атқарды. Жын перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осындай қиын сәтте оған көмекке әйелі немесе қарындасы келді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сәйтіп құдай қайта тіріледі. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі-фетишизм. Фетишизм - табиғат заттарыменқатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштергетабыну.Тотемизм, фетишизм, анимизм барлығы қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт дәстүрінен кеңінен көрініс тауып отыр.

Қорыта келгенде Қоғамдық даму барысында өнердің сан саласы жетіліп жаңа мазмұнға жаңа формаға ие болды.Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамаша өнер туындылары ұрпаққа мәдени мұралар болып қалады. Адмзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін негізін қалауда орасан зор роль атқарады.Ол негіздер: әлеуметтік ұйым. салт дәстүр, наным сенім т.б Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән мағынасына айналды.

Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерініңмұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық ерекшеліктер мәдениетімен бастайық. Номадтар (грекше ру, бөліну; көшіп қонуы) - шаруашылық қызметімен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше ұлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері."Номадизм" термині адамдар тобының кеңістікте жылжуы деген мағына берді. Тұрғылықты орны болмайтын номадизмдердің отбасында ауыспалы формалар көп. Бұл жартылай номадизм, көлдеңен номадизм, периодсыз номадизм.


Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Өркениет(цивилизация)семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің-«civilis»сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» -олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:



  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер(И. Гердер, Б.Тайлор).

  2. Өркениет-мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы(Ж.Ж. Руссо,Ш.Фурье,О.Шпенглер).

  3. Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).

  4. Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

  5. Өркениет-этностар мен мем лекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби,Н.Я.Данилевский және т.б.).

  6. Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.

Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің жолмен бөленуі,қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениеттің дамуы,қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

Мәдениеттің өзекті бөлігі-өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан,халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз,өнер әлемінсіз,қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да,өнер-мәдениеттің алтын қазынасы,адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке,сұлулыққа ұмтылуы.



Мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат,ақыл-ой,ізгілік пен әдемілік заттандырылып,игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет-адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани»,яғни,мәдениетті жан.

Мәдениет пен табиғатты қарама қарсы қоюдың бір түрі-адамның табиғи антимәдениеттілігі жөнінде ілімдер еді(киниктер,Ницще). Контрмәдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім-мәдени антропология. оның негізін салушылардың бірі-Э.Уилсон.



Мәдениет-адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес,керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік жіне рухани қыл-көпір. Осы үндестікті(гармонияны) одан әрі жетілдіру-адамзаттың алдындағы келелі міндет Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсінетін тағы бір мәселе адамның көп мағыналылығына, жан-жақтылығына,шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады.

Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиасы –адамдағы «Мендік».Одан сыртқа ерекше бір нүр – азаттық, жауапкершілік , адамгершілік сәулес інүр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгеиге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз-менің өмірім , меннен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын –менің шығармашылығым.

Қоғам - әлемінің бір бөлігі , белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың , топтардың, этностардың , мемлекеттердің ) байланыс нысандары . Яғни , қоғам ұғымындағы негізгі мәселе – адам және оның ұйымдасу нысандары , бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеументтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті , көрінісі , сипаты мазмүнында қолданылады.

Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:


Антика дәуірінің мәдениеті

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше.»Антик- (көне,ежелгі)»деген үгым.Кайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген,бул терминді итальян ойшыл-гуманистерігрек-рим мәдениетіне байланысты колданған.Бул атаудың түп-төркіні «ежелгі»,көне,кадым заман мағынасын беретін антиквус деген латьтн сөзінен шыккан.Көне мемлекеттердің мол ,мәдени мурасы Еуропаның барлык халыктары өнерінің,көркем әдебиетінің,философиясының,театрының және кукыктык көзкарастарының калыптасуына елеулі ыкпал жасады.өмір шындығын накты бейнлеп,көркемділік пен карапайымдылык,шыншылдык пен шеберлік касиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің,мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңкты мәдени туындылары-көне заман тарихы туралы уғымымызды кенейтіп кана коймай,мәдениеттің аскак үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр. «Көне, кадым заман» мәдениетінің негізін калаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жокка шығара алмайды.Олар өздерін «Эллиндер»;ал өз елдерін «Эллада»деп атаған.Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бурынғы бір мың жылдыктың алғашкы ғасырларында калыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уакытын камтитын узак ғумыры біздің заманымыздың 5-ғасырда Рим империясьшың кулауымен аякталды. Мәдениет тарихының кай кезеңін алсак та, ол өзінің баға жетпес мәдени кундылыктарымен ерекшеленеді.Сондыктан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлык елдерінің акындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына саркылмас шалкар шабыт берді.Шындығын айтсак, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңкаларлык мәдени казынасы мен ушкыр акыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мундай акыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлык салаларында – поэзияда, саясатта, ғылымда, кукыкта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жаркын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сиякты улылар есімімен тығыз байланысты болды. Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені,оның бастауында б.з.д. 3-2 мың жылдыктарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр.»Эгей»өркениеті мәдениеттің кайнар булағы болды, міне сондыктан да грек халкының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабактас.Б.з.д. 2-мыңжылдыкта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталыктары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандыктан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына карағанда Крит-улы жебеуші,найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты кудайы Зевс бука бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, аскан сулу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашак билеушісі Минос туған.Атакты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, кутырған букага бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бул арал калаларыньщ бай екендігін мадактай көрсетеді.Ал шындыкка белгісіз кейбір аңыздарда Зевс Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялык шығармаларда ғана емес,грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды.Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тура кездесіп калады.

Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі улы Гомердің атымен-Гомер кезеңі деп аталады.Олай деп аталатын себебі, бул дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі-б.з.д. 7ғ. Туған «Иллиада» мен «Одиссея» дастандары. Сокыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, букіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің букіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының кудыреттілігі де осы бір улы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халык аңыздарының негізінде жуйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халыктың киялынан шыккан бейнелерге жан – жакты касиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең улы мүсіншісі Фидийдің «Иллиаданы» окығанда, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жаткан сиякты. Гомерлік кезеңнің 9-8 ғасырда рультк курылыстың орнына біртіндеп таптык коғам калыптаса бастады.Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа кулиеленушілік карым-катынастардың дуниеге келуіне байланысты –грек мифологиясы да жүйелі түрде калыптаса бастады.Грек халкы да өзін коршаған табиғаттың тылсым кубылыстарының купиясын танып-білуге талпыныс жасады, кауіп-катерлермен өз мүмкіндігінше куресе білді.Бул өмір ушін болатын табанды да,табысты курес болатын.Олай болса «курес бар жерде өлім бар,курес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік кағиданы умытпаған жөн сиякты. « Адам-бар дуниенің өлшемі»деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған болар.Сондыктан да табиғаттың катерлі куштерін жеңуде адамға тән касиеттің бәрі бар,бірак адамнан да гөрі кудыретті кудайлар бейнелерінің көптеп берілуі-грек мифологиясына тән касиет болып саналады. Ол бойынша:мына жарык дуниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік кудайлар билейді.Гректердің түсінігінде кудайлардың кудайы-Зевс бастаған даналар тобы,олар әбден жетілген,керемет адамдар сиякты.Кудайлар бейнесінің адамға жакындатылғаны соншалык,олардың бойынан тек адамға ғана тән касиеттерді молынан табуға болады.Грекия топырағында кудайлар мен халык кахармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді.Миф деп аталатын халыктын ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде,сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен акындык киялдың өзара уштасып жаткандығын аңғаруға болады. Грек акындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уакиғалары мен олардағы басты кейіпкерді өз шығармаларына аркау ете отырып заман ағымына және онда калыптаскан көз карастарға сәйкес жаңа түр беріп отырды...

Бул кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе- кудайларга сыйға тартуға арнайы жасалынған кыш немесе кола мүсіншілер. Демек, б.з.д. 1-мың жылдыктың алғашкы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп- керамика жетекші орын алды. Калай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары аркылы кауымдык курылыс мәдениетінен таптык коғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашкы талпыныстармен катар, сол кездегі адамдардың дүние танымынан мағлумат береді. Гомер дәуірінде жазу болған жок, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалык» кезенде туындаған. Бірак алфавиттік жазудың алғашкы нышандары осы кездің өзінде – ак байкала бастаған. Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет кулдырау, токырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы туста грек коғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне колайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.

Грекия мәдениетінің архаикалык кезеңі б.з.д.8-6 ғ.аралығын камтиды. Бул кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру улы отаршылдык кезеңі,бул-кулиеленушілік курылыстың кірігу кезеңі,грек мемлекет-калаларының өзара саяси окиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.

Дәуір басында-ак ,әсіресе материалдык мәдениет каулап дами бастады. Жолдар тарылып, көпірлер турғызылды,калаларда су кубырлары салынды,темір кару –жарактар кеңінен колданыла бастады,металлургия мен куйма тәсілі одан әрі жетіле түсті.Турмыска кажетті буйымдарды шығаруды улғайтудың аркасында жалпыц гректік рыноктар пайда болды,туңғыш рет теңге сомдалып,сауда айналымында кеңінен колданыла бастады.Крит-Микент мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыкка тірелген грек әлемі томаға-туйыктан арылып, баска халыктармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жаткан халыктардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялыктардан теңге-акшалар соғуды,финикиялыктардан алфавиттік жазуды мура етті.Кала турғындары арасынан шыккан байыған кулиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлык-зомбылығына шыдамаған шаруалар калаларға карай ағыла бастады. Шаруалар сиякты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халык) калыптасты. Демостың экономикалык және саяси жағынан билеп-төстеген аксүйектерге карсы күресі бір толастамады. Осындай таптык тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және кала турғындарының шектен тыс көбеюі б.з.д. 8-6 ғ. Етек алған «улы отаршылдыктың» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апекин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Кара теңіз жағалауында 150-дей грек кала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды улы Платон «гректер» Жерорта теңізі төңірегін батпакка жиналған коршап алды» деп тамаша бейнелеп айткан.

Ежелгі Шығыс елдері сиякты,грек дінінде де политеизм тән болып келеді.Грекияда басты кудай,кудайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера аспан кудайы және неке камкоршысы. Зевс өзінің ағайындары Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидтка жер асты патшалығын берді. Сулулык пен сүйіспеншілік кудайы Афродита мифтер бойынша теңіз толкынынан жаратылған ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі.Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да баска әйгілі мүсіндер Афродитаның даңкын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Грек халкының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлдену туспа-тус келді.Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалыктар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі- ғасырлар арнасында жоғалып тек екі мың жылдан кейін ғана,яғни Кайта өрлеу кезеңінде ашылған «сәулелі көлеңке»өнері.Ежелгі авторлар бул «өнерді ең алғашкы игерген» Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен,»Көлеңкені бейнелеуші»деген атак алған. Зғасырда сондай-ак Паррасий мен Тиманфр сиякты суретшілер драмалык көріністерді салып,адам бойындағы терең сезімдерді аскан шеберлікпен бейнелей білген,муның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдіреді. Бул кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоктығы биік акын Гелиот болды. Ол жазған «Теогония» (Кудайлардың шығу тегі жөнінде ) және автордың өзінің өмір жолына арнаған. «Еңбектермен күндер» атты дастандары – гректердің көңілінен шыкты. әдебиет саласында басты орынға шыккан лирикалык поэзияның өкілдері адамның ішкі жан- дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бул жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилог (Б.З.Д 7 ғасырдың екінші жартысы), Солон (б.з.д 635-559 ж), Алкси (б.з.д 7 ғасырдың аяғы мен 5 ғасырдың 1 жартысы), Анакреонт (б.з.д 570-478 ж) және т.б.әзіндік сипаты бар архаикалык мәдениет дүние жүзілік мәдениетте айрыкша рөл аткарған Эллиада тарихындағы жаңа кезеңге –классикалык гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.

Ежелгі Грекияның тарихындағы бет бурыс кезең болды, әйткені дәл осы уакытан бастап грек мәдениеттінің классикалык кезеңі басталды. Азаттык жолындағы күресте парсылардың талкандалуы ежелгі Грекия мемлекет- калаларының когамдык курылысының артыкшылығын көрсетіп кана коймай, азаматтык сананың артуына, ең бастысы-классикалык кулдык коғамының толык калыптасуына, ал өз кезеңіде полистік демократияның дамуында нәтижесінде экономикалык және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп сокты.б.з.д 5 ғасылдың Афина әсіресе Периклдің (б.з.д 444-429 ж) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялык курылыстың орнығуы – грек театрының гүлденуімен,трагедиалык және комедиалык шығармалары дүние жүзілік әднбиеттің асыл казынасына енген. Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылыктарымен туспа- тус келді.

Архаикалык дәуірде әдебиет саласында лирикалык жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары баты орынға шыкты. Дә мағынасында трагедия деген сөз-«ешкілер әні» деген мағына береді. Ол – ешкі терісін жамылып, әзіл –оспактык сарында хормен өлен айтудан шыккан.

Грекия тарихындағы узакка созылған канды соғыстар (тарихка Пелопоннесс соғысы – деген атпен кірген Афины теңіздер державасы мен Спарта бастаған Пелопоннесс одағының өзара әскери кактығыстары ) Афинының жеңілісімен және ол баскарған калаларо одағының ыдырауымен аякталды. Соғыс кулиеленушілік коғамның кайшылыктарын одан әрі шиеленістіріп, мемлекет –калалардың дағдарысын тудырды. Уздіксіз саяси және әлеуметтік күрес грек мемлекеттерін әбден титыктатып, б.з.д ғасырдың 2 жартысында олардың жаңа куатты держава Македонияның кол астына өтуімен аякталды. Қоғамда орын алған әртүрлі коғамдык кактығыстар б.з.д 4 ғасыр адамдарының көзкарастарына елеулі өзгерістер енгізді. Коғамдык өмір мәселелері белсене сынаған Аристофон комедияларының орынына өз заманының саяси окиғалары атүсті суреттелетін мән- мағынасыз комедиялары пайда болды. Міне осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі-токырау кезеңі басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет