«Әлемдік мәдениет тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет1/6
Дата30.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#2885
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




Құжат СМЖ 3 дәрежелі

ПОӘК

ПОӘК


042-16-02.1.09/03-2013


«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» Оқу- әдістемелік кешені

5В011400 -«тарих»

мамандығына арналған

Редакция №1




«Әлемдік мәдениет тарихы»
пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)
011400 «тарих» мамандығы үшін

СЕМЕЙ -2013

ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В011400 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент З. Қ. Мұқатаева.

«______» __________ 2015 ж.

2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» кафедрасының отырысында

Хаттама №______ «__»________ 2015 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова
2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №______ «__»________ 2015 жыл


ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______ «__»________ 2015 жыл


ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны :


  1. Глоссарий.................................................................................................




  1. Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................




  1. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................


4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................

6.3.1 ГЛОСАРИЙ
ГЛОССАРИИ
АВАНГАРДИЗМ, авангардшылдық (франц. avantgardisme— алғы шептегілер) — қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым.

АВТОКОММУНИКАЦИЯ — өзіндік қарым-қатынас. Ю.М. Лотманның семиотикалық мәдениеттануы шеңберінде қарастырылған ұғым. Коммуникацияда қарым-қатынас Мен-Басқа арнасында жүзеге асады. А-да бұл байланыс Мен-Мен тұрғысында жүреді. Бұл процестегі ең басты ерекшелік — Меннен Менге ауысқан ақпараттың уақыт бойынша үзілмейтіндігінде (яғни, ол жадыда түйінделіп сақталмайды). Өзіне бағытталған белгілі ақпаратты хабарлау коммуникацияның тылсымдық деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде айқындалады.

АГОН, агонистика (грек.— күреске дайын) — ежелгі грек болмысы мен мәдениетінің маңызды элементтерінің бірі, қоғамдық құрмет пен абыройды әперетін ең жақсы жетістіктерге жетуге бағытталған жеке тұлғалардың, топтардың, полистердің өзара жарысу принципін білдіретін ұғым.

АМБИВАЛЕНТТІЛІК (грек. атрһі — екі жағынан, лат. valentia — күш) — бойында қарама-қарсы сезімдер (қуаныш-қайғы, махаббат-жеккөру т.б.) туғызатын жағдайды білдіретін психологиялық ұғым. А. адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасының күрделілігін, екіұштылығын және құндылықтар жүйесінің қайшылығын білдіреді. А. терминін алғаш швейцарлық психолог Э. Блейлеф ұсынған. К. Юнг оны мәдениеттану-да қолдана бастады. К. Юнгтің ұжымдық бейсаналык ілімінде архетиптік сананың мазмұнына екіұштылық тән, себебі тұрақты ескі сананың бейнелері жаңа мазмұн динамикасының салдарынан адамның тылсым дүниесіне ығыстырылады, бірақ ол күнделікті өмірде жоғалып кеткен, тылсым дүниеден бастау алатын .

АНДЕГРАУНД ӨНЕРІ (ағыл. underground - жасырын) -XX ғасырдың екінші бөлігінде батыс еуропалық және орыс мәдениетіндегі ресми өнерге қарсы оппозициялық қозғалыс. А. ө. ресми мәдениеттің кұндылықтары мен догмаларын қабылдамайтын, авангардтык өнердің, рок-мәдениеттің, қарсы мәдениеттің, жастар қозғалысының кейбір принциптерін бойына сіңірген өнердің дәстүрлі емес бітімдерінен құралады.

АНОМИЯ (франц. апотіс — заң, ұйымдасудың жоқтығы) — қоғамның құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі дағдарыстарды білдіретін ұғым. А. өзінің төмендегідей белгілерімен анықталады: 1) қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсіздік, нормативтік-баптық вакуум; 2) әлеуметтік үйлесімдіктің жоғалуы, қоғамдағы кұндылықтардың жиынтық бейнесіне айналған жеке тұлғалар беделінің жоғалуы; 3) адамдардың жоғары мұраттардан, өмірлік қүштарлық-тарынан айырылуы; 4) мінез-құлықтағы тұрақсыздық, өзін-өзі өлтірудің көбейуі, т.б. А. терминін ғылыми айналысқа енгізген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858—1917).

АПОЛЛОНИЙЛІК ЖӘНЕ ДИОНИЙСИЛІК МӘДЕНИЕТ - Ф. Ницшенің адамдық болмыстың екі бастауы мен мәдениетті типтерді сипаттауға байланысты енгізген ұғымдар. Бұл типтер ойшылдың «Музыка рухынан трагедияның туындауы» атты

еңбегінде тұжырымдалған. А. және Д.м. бастамалары мифол. шығарм.-тың қиялдық бейнелері емес, олар бір болмыстың екі қыры ретінде табиғаттың өзінен нәр алып, көркем өнер тұлғасының бойында тылсымдық бастау ретінде оның ырығын билейді. Бірін-бірі толықтыра отырып, А. және Д. мәдениет ежелгі грек болмысының ғарыштық тұтастығын құрастырады. А. бастау — жарық, салқынқанды пайымдаушы, сыншыл және рационалдық бітімдерде болып келсе, Д. — қызу, күңгірт, шығарм.-сезімдік, органикалық-иррационалдық түрде айқындалады. Дионисийді Аполонның басуы трагедияға әкеледі, ал трагедия, Ницше бойынша, мәдениет дамуының қозғалушы күші болып табылады. Кейінгі Еуропада рационалдық жеңісі рухани мәдениеттің құлдырауына әкеледі. Аполондық бастау, Ницше бойынша пластикалық өнердің бейнелерінде ұяланады. Аполон — үйлесімділіктің құдайы және бүкіл болмыс формаларынан әсемдікті тапқысы келеді. Бірақ бұл әсемдік кейбір жағдайларда химералар тәрізді, адамды ұйқыдағы түс көру мен елес сияқты шатастырып кетуі де мүмкін. Аполон жеке түлғалық принципін жүзеге асырады. Сократ сөзімен айтқанда, «Өзіңді таны!» дейді. Д.Бастау музыка өнерімен түбірлес келеді. Оны түсіндіру мақсатында Ницше мас болу мен түс көруден мысалдар келтіреді. Мүлгіген тұлғалық санада бейнелер калейдос-коптағыдай қисынсыз ауыса береді. Дионис — әлемнің жүрегі, оның сағынуы мен асқақтануы. Ретсіз хаостан да ырғақ табуға болады. Д. мәдениет адамның тылсым дүниесінің шексіздігін білдіреді. Д. экстаз тоқтаусыз қайнап жатқан тіршілік ағынан ену болып табылады. А. және Д. м. адамзаттың рухани тарихындағы әсерлі әрі мазмұнды символдарға жатады.



АРТЕФАКТ (лат. artefactum — жасанды істелген) — табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі. А. ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмұны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады. Мәдени А-ға мыналарды жатқызуға болады: адамдар жасаған заттар мен нәрселер, техника және еңбек құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, жол т.б. А. ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбылысын (ғылыми теория немесе наным-сенім, өнер және фольклер туындысы, моральдық қағидалар т.б.) алуға болады. А-ының пайда болуын және олардың негізіндегі адамдық мақсаттар мен мүдделерді талдау арқылы, заттық болмыстың символикасын айқындауға болады.

АРХЕТИП (грек. аrсhе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығарм. жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. А. өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени А-тер — бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. А. туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Л.С. Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К.Юнгтің аналитикалық психологиясында.
АУТИСТІК ОЙЛАУ (грек. autos — өзім) — тұлға немесе мәдени феноменнің тұйық, терең үңілген типі, тұлғаға қатысты «шизоид» термині де қолданылады. Оны «шизофреник» түсінігімен ауыстыруға болмайды. Шизоид — туысқандарының қанында шизофреникалық гендердің болуы мүмкін, бірақ, өзі шизофрениямен ауыра алмайды, өйткені, бұл орынды оның сипаттамалық типі алып қойған, оның басты белгілері: өзіне-өзі сіңу (интроверсия) және материалды өмірмен салыстырғанда рухани өмірді басты деп есептеу.

ӘЛЕМ КАРТИНАСЫ, әлем суреті — тарихи кезендерді мәдени типология бойынша бейнелеу үлгілеріне қатысты ұғым. Белгілі неміс мәдениет тарихшысы Р. Гвардини «Жаңа заманның ақыры» атты кітабында Ә.к-сі жөнінде езінің тартымды концепциясын ұсынады. Ол адамзат тарихын үш кезеңге (антикалық, орта ғасырлық және Жаңа замандық) бөледі. Антикалық адам, деді ол, өленнің сыртына шықлайды, оны ішінен суреттейді. Әлем әркімнің орны алдын ала белгіленген тұтастық емес, сондықтан адам әлемде өзін еркін сезінеді. Антикалық адам үшін әлем құдайылық бастаудан кұралады. Адам өлемде өмір сүргені тәрізді, өлем де адамның ішінде болады. Антикалық әлем, ғылым-білімдердің жай жинағы емес, ол әр түрлі көзқарастар мен типологиялардың жинағы.

БИНАРЛЫҚ ОППОЗИЦИЯ (лат. binarus - қос) - XX ға-сыр мәдениетінде әмбебапты қолданылған әлемді тану құралдарының бірі. Қоршаған әлем екі жақты — ең алдымен физиологиялық себептерімен айқындалады: адамның миы әр түрлі , функциялар атқаратын қос жарты шарларда тұрады, адамда екі көз, екі құлақ, екі қол және аяқ бар. XX ғ. фонологиясы Б.о. барлық құрылымдық гуманитарлық зерттеулерде қолданылады (С.Н. Трубецкой). Б.о. әлем суретін сипаттағанда ұтымды танымдық құралға айналады:

ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ (ағыл. western — батыстық) — Батыс мәдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе батыстық донор мәдениеттен реципиент ретінде жеке құндылықтарды қабылдауы. В. деп Америка мен Африка құрлықтарындағыдай батыстық мәдени нормаларды күшпен енгізуді айтпайды. В. негізінен, мәдени қабылдаушы елдің басқарушы элиталық тобының белсенділігімен жүргізілген.

ВИДЕО-АРТ (лат. video — көремін) — постмодернизмнің интерпәндік формаларының бірі. XX ғ. 60 жылдарында қалыптасты. В-а-тың мақсаты шығыстық мистика мен иррационалистік бастаулармен толықтырылып, батыстық технологиялық рационалдықтан арылу үшін сананы «ұлғайту» және көруші сезімдерін интенсивтендіру. В-а-тың қолданатын нәрселері материалды заттар емес, олар теледидарлық техника, лазерлік немесе голографиялық қондырмалар арқылы жасалатын визуалдық әлде аудиовизуалдық «объект-еместер» болып табылады

ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ (лат. virtus - акиқат) - компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты — қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. В.ш. сөздің тар мағынасында «электронды көз әйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады.

ГЕНДЕРЛІК ОППОЗИЦИЯ — жыныстық негізде қалыптасқан мәдени еркек-әйел бастауларын бинарлық қатынастарда қарастыру дәстүрі. Әлемде қалыптасқан бірінші мәдени ажыратушылық Г.о-дан басталады. Ксенофонт мұны былай түсіндіреді «Құдай ең басынан жыныстарды бөліп жаратты: әйелді — бала табу мен үй шаруашылығына, еркекті — сыртқы жұмыстарға». P.O. табиғи құбылыстарға да таратылған: қытайлық инь және ян бастамалары, көптеген нанымдардағы Айды, суды, жерді әйелдік, ал Күнді, отты, жылуды еркектік бастаулар деп есептеу.

ГИПЕРМӘТІҢ (грек. hyper — жоғары, ар жағында) — мәтіндер иерархиясында жүйеге айналған, сонымен қоса мәтіндердің көптігін білдіретін арнаулы құрылым. Г-нің қарапайым мысалына сөздер мен энциклопедиялар жатады: ондағы әрбір мақала осы сөздіктегі басқа мақалаларға сілтеме береді. Осындай мәтінді әр түрлі оқуға болады: Г-дік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір мақаладан екіншісіне; сілтемелерді ескере отырып, мақалаларды басынан аяғына дейін; немесе, бір сілтемеден келесісіне ауысып, Г-дік саяхат жасау. В. Рудневтің «Қазіргі мәдениет сөздігі», мыс, арнаулы осы үшінші тәсілмен құрастырылған. Айталық Г. мақаласын оқу үшін гипершындық, виртуалдық шындық, сананың өзгерілген түрлері сияқты мақалалармен міндетті түрде танысу қажет. Г. әдетте, тізбектік сипатта болады және ол түзу сызықты емес ой лабиринтіне ұксас. Оған бір енгеннен кейін, қайта шығу қиындық туғызады.

ГИПЕРШЫНДЫҚ —гипермәтін және виртуалды шындық ұғымдарына жақын, француз философы Жан Бодрийар ұсынған ұғым. Г-ты түсіну үшін шындықты мәтінмен қоса алу керек те, мәтінді гипермәтін ретінде қабылдау қажет, сонда Г. түсінігі шығады. Бодрийар пайымдауынша біз осы Г-та өмір сүріп тұрмыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, толассыз ақпарат ағын. Адам санасын мүлдем билеп алған. Адам дауыл кезіндегідей кеменің үстінде бір шетінен екіншісіне домалай береді.

ДЕКАДАНС (франц. dekadence — түңілу) — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байкалғанын білдіретін, еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы. XX ғ-да модернизм ұғымымен байланыстырылған кейбір бағыттардан Д. өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Д. аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып керсетуге ұмтылу, коғамдық талас-тартыстан алшақтап, дарашылдық, сыршылдық сезімге бой ұрады.

ДЕКОНСТРУКЦИЯ - француз ойшылы Ж. Деррида ұсынған ұғым, постструктурализм заманының сыни философиялық ұстанымы. Оның өзгешелігі— егер модернизм кезеңінде сын достүрді құлату, жою, күйрету кұралы болса, Д. сынаса да сын объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүгешігесіне жетіп, қайта тірілтуге бейім. Әрине, тірілткенде, ол шартты түрде тірілтеді. Бірақ поструктурализмнің ең үлкен жеңісі — ойлау процесінің шарттылығын үғыну, метафизикадан бас тарту. Егер Платоннан бері нақты дүние Идеялар әлемінің көшірмесі деп саналса, қазір бұл байланыс жоққа шығарылып, ойлау дегеніміз таңбалау әрекеті деп әйгіленеді. Демек зерттеушінің мақсаты әр ғасырдағы әр қоғамның, әр өркениеттің, әр автордың таңбалау ерекшелігін айқындау. Міне, Д. дегеніміз осындай айқындаудың құралы.

ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ - гуманитарлық ғылымда ғылыми зерттеулерді мифологиялық танымнан арылту әдісі ретінде танылады. Д. қазіргі кезде тарих, философия, дінтану және мәдениеттану ғылымдарында қолданылады. Д. терминін ғылыми айналымға XX ғ-дың 40 жылдары неміс философы әрі теологы Р. Бультман енгізді. Д. христиан діні, оның қасиетті кітаптардағы жазбалардағы қайшылықтарды айқындау, түсіндіру қажеттілігінен туындаған термин.

ДЕПРЕССИЯ (лат. depressio - көңілсіздік, жабыраңқылық) - көңіл күйдің қаяулығы, зарығып сарғаюы, әртүрлі ауруларда кездесетін күй немесе психологиялық жағдай. Д. жағдайына душар болған адам өзіне көңілі толмаған күй кешеді (өзін кем санау комплексі), келешекке деген қорқыныш, үрей билейді. Оған өзінің барлық өмірлік жоспарлары орындалмайтындай көрінеді; ойлау қабілеті әлсірейді (сана жүмысы өзгереді) және ойы өзінің кемшілігімен өзі әуреге түседі. Д. күйіне түскен адам өзінің қорқынышы, кемшілігі жайында «қайғырып» содан ләззат алады. Д. XX ғ-дың екінші жартысындағы әлеум. сілкіністер - төңкерістер, әлемдік соғыстар, тоталитаризм, жүмыстан айырылу қаупі, экологиялық кризис нерв жүйесіне және психикасына ауырлық түсірді.

ДЕСТРУКЦИЯ - М. Хайдеггердің фундаменталды онтологиясының негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғымды Хайдеггер Гуссерльдің жас кезіндегі философиясына, әсіресе, оның феноменологиялық редукция тәсіліне қарсы пайдаланады. Егер бұрын Декарт, Кант философиясында сана абсолютті құбылыс ретінде дәріптелсе, Гуссерль сананың белгілі бір объектіге бағытталғанда ғана өз-өзін толтыратынын ашып, идеализмге үлкен соққы жасады. Мысалы, сіз Декартты оқымасаңыз, сізде Декарт философиясы туралы түсінік болмайды. Сол сияқты табиғаттың белгілі бір құбылысы туралы ойланбасаңыз, ол туралы да сізде түсінік қалыптаспайды. Демек, санаға тумысынан түсіну қабілеті беріледі де, оның орындалуы сананың ыждаһатына, белгілі бағытта жұмыс істеуіне байланысты. Демек, Гегельдің абсолютті рух туралы ілімі жалған. Себебі бүкіл таным жұмысы жеке саналардың қызметіне байланысты. Міне, осы тұрғыдан Гуссерль бұрынғы фило. дәстүрге алаңдаудың қажеті жоқ, бұрынғы түсініктерді жақшаға шығарып, өз қабылдау мүмкіңдігіңе қарай жаңаша түсінік қалыптастыр дейді. Феноменол. редукция дегеніміз осы. Себебі редукция деген сөз орнына қайту, қайтадан бастау деген мағына береді. Егер Гуссерль феноменол. редукция ұғымы арқылы әрбір философтың өзінше көзқарас қалыптастыруға ерікті екенін дәлелдесе, Хайдеггер бүкіл бұрынғы филос. дәстүрді жоққа шығарады. Себебі бұрынғы классик. философияда болмыстың атойын тыңдау, болмыспен сәйкестікте болу жоқ дейді. Демек, болмысты ұғынудың бұрынғы жолдарын жақшаға шығару керек. Егер класси-калық философия бар нәрсе туралы ілімімен шектелсе, Хайдеггер бар нәрсенің езегі уақыт дейді. Әрбір бар нәрсе тек уақыт пде бар, уақыты таусылғанда жоқ болады. Яғни, болмыстың мүмкіндігі уақытта. Сондықтан бүл үғымдар бір-біріне етене жақын.

ДЗЕНДІК ОЙЛАУ - будда дінінің бір тармағы дзен-будданың негізінде қалыптасқан ұғым-термин. Дзен-будда классикалық үнді буддасының Қытайға, одан Жапонияға өтіп ұлттық дін мен философияның бірі ретінде қалыптасты. Д.о. - негізгі идеясы адамның өмір сүруінің, жалпы табиғатының ішкі әлемінде өтіп жатқан процесімен байланысқа түсу арқылы тану. Д.о-дың негізгі мақсаты сананы сәулелендіру, оны «сатори» деп атайды. Д.о. Аналитикалық, логикалық ойлау жүйесіне қарама-қарсы санаға инстинкті түрде ықпал ету деп аңықтама беруге болады. Д.о. бағыты, оның мәселесі әр қырынан К. Юнг, Д. Судзуки т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

ИНТЕРМӘТІН - бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, мәтіндердің кірігуі. Бұл ұғымды әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде қарастырған М. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. Ол үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы. И. мәтін шекарасын бұлдыратып, оны жаңаша пайымдауға жол аша түседі. И. негізгі қасиеті оның ішкі әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Мәтін өзге мәтіндерден, өзге мәтіндерге қатысты шығарылады. Және тек бұрынғы мәтіндерге қатысты емес. И-дік аталатын құбылысқа кейде шығармадан кейін жазылған мәтіндерді енгізеді. Мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бұрын емес, онан кейін де тірлік етеді, - дейді Р. Барт. Бүл тұрғыда кез келген мәтін өзге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудырады. И-дік құбылыс семиотикалық жүйе ретіңде бүкіл мәдениетті қамтиды. И. тұрғысынан мәтін мен оқырман, оқу мен хат арасындағы айырмашылық және қарсы тұру жоққа шығарылады.

ИНТЕРСУБЪЕКТІЛІК - таным субъектілері арасындағы арнайы қарым-қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен бөлісудің негізі. XX ғ-ға дейін танымның нанымдылығы таным жасаушы субъектінің әмбебап құрылымына байланысты еді. И. мәселесін алғаш рет Гуссерль Бесінші картезиандық медитациясында қояды. Гуссерль феномендық ойлау тәжірибесін санадан бұрынғы әлемге сүйенуден бас тартудан бастағандықтан, оған ойлау тәжірибесінің маңыздылығын қамсыздандыру үшін жаңа негіз керек болады деп таниды. Сондықтан ол ойлауды ойлау арқылы түсіндіруді жөн көреді. Ойлану барысында әрбір субъект әлемді өзінше зейіндейді, бұл дүние - жеке тұлғаның тек өз танымына тәуелді жеке тәжірибесі. Демек, мәселенің шешімі субъектердің, немесе, Мен және Өзгенің қарым-қатынасында. Гуссерльдің тұжырымдауынша. Мен табиғи түрде өз санасында өзгелерді қалап шығарып, мүмкіниятта бар субъектілер - интерсубъектілер қауымын құрайды. Бұл қауымдағылар әркім әлемді өз тәжірибесінен түсінеді. Міне, осыған байланысты Меннің жеке тәжірибесінің негізі ретінде әлем барлық үшін бар болып қарастырылуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар И-те Мен өз тәжірибесінің өзгелермен салыстырғанда айырықша екенін кескіндейді. Интерсубъектілер қауымы негізінде, ұғыну мүмкіндігінің көкжиегіне және қауымның шексіз кеңістігіне үмтылған интенционалдық қауым қалыптасады. Бірақ, білім сапасын анықтау мәселесі ашық қалады, себебі өз-өзіңе шексіз үңіле беруге болады. Кейін Гуссерль жеке түлғаның рухани тәжірибесіне сүйенген Өмірлік Әлем ұғымын енгізіп, оны И-ке негіз ретінде қарастырады.

МАРГИНАЛДЫҚ (лат. marginalis - шет, жиектегі, шекарадағы) — қоғамдағы әр түрлі процесстердің нәтижесінде (көші-қон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. М. дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері, нанымдары, бағдарлары жене тұрмыс саясатының басқа да элементтерінің конгломераты. «Маргиналды тұлға» ұғымын 1920 жылдары өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р.Парк ұсынды.

МӘТІН - бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. М. сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нөрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән - мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол М-нің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). М-ді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

1) мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).

2) мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);

3) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);

4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт көрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);

5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);

6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);

7) мәтін - қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет