«Әлемдік мәдениет тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет3/6
Дата30.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#2885
1   2   3   4   5   6

Дін мәдениеттануы. Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін мәдениеттің маңызды құбылысы.Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ерекшеліктеріне айналады.Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді.

Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін түсіндіру маңызды рөл атқарады.Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде арнайы пән – дінтану зерттейді.Қазіргі дінтану мәдениеттанумен ментальдықты зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық - әлемнің қабілетін жасайтын мәдени дәстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің жиынтығы.

Дін екі ғасыр бойы мұқият үйрену мен зерттеудің объектісі болып келеді.Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді. Алғашқы мәдениет танушы – теорстик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Гердер саналады.Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды.Дін,Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі.Дін барлық халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты.Діннің мәдениеттің дамуындағы озық рөлін бағалауға ұмтыла отыра, Гердер египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық еуропалық ұлттардың – этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді.Оның пікрінше, поэзия мен өнер, саз бен жазу, агрономия және жыл санау, ізгілік пен мемлекеттік туралы ілім осылайша пайда болды.

Дж.Фрэзер өзінің басты «Алтын бұлақ» атты кітабында алғашқы діндер эволюциясы туралы өз көзұарасын білдіреді.Ол алғашқы адамның көзқарасын және бұдан кейінгі діни сенімін, әдет – ғұрпын, тыйымдарын түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялық және психологиялық негізді табуға әрекеттенеді.Ал,кейінгі «Магиялар және діндер» теориясында адамзаттық ақыл – ойдың дамуының үш тармақты схемасы туралы ережені қамтиды.Олар:магия, дін, ғылым.



Құқық – мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің ажырамас бөлігі.Құқық – сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағнада қолданылады. Алғашқысы – қоғамдағы аса маңызды қатынастарды реттейтін нормалар жиыны және оларды бұзғандығы үшін мемлекет айып салады. Екінші мағнасы – жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл береді. Бұл жерде әңгіме ар – ождан, дін бостандығы, еңбек ету, білімалу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр. Ең соңында біз «құқық» сөзін заңдық емес мағнада жиі қолданамыз. Бұл да жеке мүмкіндік, алайда, заңда белгіленбеген.

Қазір бізге адамның қалыпты дамуы үшін қоғамның рухани мәдениетін игеру қажеттігі айдан анық болып отыр.Ол мәдениеттің басқа түрлерімен қоса құқықтық мәдениетті де қамтиды.Олардың үйлесімі жеке адамның рухани дамуын қамтамасыз етеді.



Мәдениет саласында саясаттың алатын орны.Саяси мәдениет деген не?

Адамдардың саяси мәдениетке көзқарасы әртүрлі.Көпшілігі саясат лас іс және саяси «ойындарға» қатысу ұят деп санайды.Басқалары, егер саналылар саясатпен белсенді шұғылданбаса, онда саясатқа лайықсыз адамдар араласады деп санайды. Саяси шешімдерге дербес келу қабілеті – адамның саяси мәдениетінің элементі.Оны игеру үшін міндетті түрде университет бітіру немесе ғылыми кандидат болу шарт емес, барлық тұрғыдан да мәдениетті адам болуға ұмтылу жеткілікті.Бұл қабілеттілік адамды арсыз саяси қызметкерлердің қолындағы ойыншық болудан құтқарады.

Саяси мәдениеттің ерекшелігі оның саясаттың өзін немесе саяси процесті құрайтындығында емес, саясат әлемі туралы пікірлер мен түсініктер жиыны екендігінде. Саяси мәдениет көптеген онжылдықтар бойында әртүрлі ұрпақ қалыптастырған саяси дәстүрлерді, саяси практиканың қолданымдағы нормаларын қамтиды. Оның құрылымына, сондай-ақ , билік жүргізіп отырған саяси жүйеге қатысты адамдардың бағдарламалары мен ұстанымы кіреді.

Саяси мәдениеттің берік элементі ретінде жеке адамның , жеке топтың жалпы көзқарасының бір бөлігін құрайтын саяси көзқарасты алуға болады. Адамдардың саяси бағдарламаның ұнатушылығы мен жақтырмаушылығының саяси сипатына қоғамда үстемдік ететін көзқарастар жүйесі , қоғам мен әлем туралы жалпы фундаменталдық көзқарастар үлкен ықпал етеді.



Өнер – мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше маңызды саласы. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі.

Өнер өз бейнелерінде әдеби мәтіндер , мүсін және сәулет туындыларында суреттер, саз әуенінде берілетін мәдениеттің біртұтас қаңқасын жасай отыра, дүниені бейнелейді. Өнер көңіл-күйді , сезімді білдіреді. Өнерде итсал кез-келген қуатты мүмкіндікті ақиқатқа айналдырады, адам мен дүниедегі жақсы атаулыны биікке көрсетеді. Өнердің арқасында адам әлемі, өзін басқа да адамдарды жақсы түсінеді.

Өнер – бұл өзі адам мен сөйлесетін ерекше мәдениет тілі. Өзінің стильдік бірлігін сақтай отыра, өнер дүние мен адамды олардың қандай да кезең мен дәуірде қалайша көрінгендігін суреттейді. Сөндықтан да өнер адамдарды қатты қызықтырады, оларды толықтырады, бұрынырақта өтіп кеткен өмірдегі оқиғаларға күйіндіріп – сүйітеді.

Өнердің ерекшелігі өзінің негізгі міндетіндегі шешілетін әлеуметтік мақсаттар сипатынан да көрінеді. Әдетте , өнердің , танымдық, тәрбиелік, өтемдік, қарым – қатынас міндеттері белгілі.

Өнер ғылымы мен қатар ең алдымен, қоғамның өзін тану құралдарының бірі. Әлемнің көркемдік үлгісі , осы «екінші ақиқат» арқылы шынайы табиғи және әлеуметтік ақиқатты барынша тереңірек тануға болады. Оның үстіне , адам ақиқатын тануды мақсат еткен өнердің идеалдық әлемін өлең сөздің, әуеннің , ырғақтың, суреттің , адам денесінің қаптамаларымен және ақиқатты тануда өте тиімді аспап болатын өзге де эстетикалық құралдардың ерекше «құрылыс құрылғылардың» көмегімен жасалады.

Алайда, егер, ғылым ұшін әлемді тану – басты міндет болса, бұл міндет өнер үшін қосалқы. Өнер адамды оқып-үйретуден гөрі оны асқақтатуға, имандандыруға, жан-дүниесіне сәуле түсіруге, асыл сезімдерді оятуға бейім. Өнердің басты мақсаты – қандайда бір идеалдық , жетілдіру үлгісін , адамдарды осы идеалға тарту үшін рухани алғышарт жасау.

Өнер сонымен қатар , барынша қарапайым мәселелерді де шешеді, оны өтемдік міндет атқарады. Оның қажеттілігі бізді қоршаған шынайы өмірдің шектен тыс қаталдығымен байланысты . Өнер адамдардың , кітаптың, опералық , кинокомедиялық , телесериялдың көмегімен жұбата отыра, олардың осы қаталдықты жеңуіне көмектеседі.

Өнер қарым – қатынас міндетін атқара отыра, қарапайым адамдардың - өнер шығармаларын тұтынушылардың және көркемдік құндылықты жасауға қабілетті дарынды адамдардың көркемдік қызмет барысында өз мүмкіндіктерін ашуына көмектеседі.

Өнердің нақ осы мақсаты оның үлкен міндеттерін айғақтайды, оның тіпті қоғамдық дамудың дағдарыс кездерінің өзінде сақталуы мен өркендеу себебін түсіндіреді.

Ғылым – адам қызметінің және мәдениеттің саласы.Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу болып табылады. Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген.Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми танымның түрлерін анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді. Ғылым этикасы-жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын талдап, зерттейді.

Ғылым – адамның мәндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді. Өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүниежүзілік, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуде үлкен роль атқарады.

Ғылыми қызметтің нәтижелерін. Жаңалықтарын қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогресті әлеуметтік процесспен ұластыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі мол.

Ғылымның дамуының жоғарғы түрі зерттеу міндетін шешудің үлгісі ретіндегі түсіндіру теориясы (парадигма) болып табылады.



Мораль – қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды. Мораль ненің не екенін ажырата, не істеуі керектігін біле бастаған уақытта пайда болды. Мораль кәзіргі әлемді екінші әлеммен , қағидасы орындалуға тиісті әлеммен өзгертуге ұмтылатын айрықша ерекшелік. Болуға тиісті жүріс-тұрыс мұратын анықтайтын құндылықтар жүйесі мораль деп аталады.

Қандай да бір қоғамның аясында ерекшеленген мораль талаптары жалпы моральі бар және оған тиісті бүкіл субъектіні қамтиды. Ол мораль норманың тәртібін, принціпін өзіне адамдық қарым-қатынастар мәдениетінің мәнін сіңіреді, адамзаттың мәдени тәжрибиесінің қажетті бөлігін қарайды. Олар өмір құбылысы мен анықталған қарым –қатынас пен қызыметтің белгілі түрлерін қолдайды, реттейді, рұқсат етеді. Мораль ерекше нормативтік – реттегіш жүйе бола отыра, өз міндеті бойынша құқыққа , дәстүрге, әдет – ғұрыпқа жақын. Алайда оның елеулі ерекшелігі бар: моральдің нормаларымен принциптері, әдеттегідей , еш жерде белгіленбейді, олар адамдардың өзара араласу процесінде аяқасты пайда болады және олардың мәдени-тарихи , өмірлік тәжрибиесін көрсетеді.

Адам өз мақсатын іске асыру кезінде елемеуге құқығы жоқ моральдық талаптар бар. Осы тақылеттес моральдық императивтерге «өлтірме!» , «өз әкеңді қадір тұт!» «жақындарыңды құрметте» , «өз абыройыңды қорлатпа» қағидаларын жатқызуға болады.Мораль мен оның табиғаты әр уақытта адамды қызықтырып келеді. Мораль туралы түсініктер жүйесі ең алдымен , филасофиялық ғылымда көрінеді, оны этика зерттейді.

Қазіргі мәдениетте моральді зерттеуге жеткілікті орын беріледі. Оның теориялық-аксиологиялық қырлары, әлеуметтік мәселелері, қолданбалық қырлары зерттеледі.Мораль кесімді жауаптарды көздемейді. Бұл адам өмірінің қалыптасқан мәселелерінің шешімі, шексіз түсіну саласы, оны шешуге тек қана моральдық нормалар мен уағыздарды білу ғана емес, сондай-ақ өмірлік тәжрибие, жан-дүниенің зеректігі , жүректің күші негізіндегі оларды тұрақты ой елегінен өткізу , қайта бағалау көмектеседі.



Этикет(әдеп) – адамның өзін - өзі ұстауының маңызды құрамдас бөлігі.Ол талапқа негізделеді,қатаң белгіленген рәсімдік сипатқа ие болады.Оны сақтауда өзін - өзі ұстаудың белгіленген түрі маңызға ие болады.

Этикетте адамға көзқарастың сыртқы көріністеріне қатысты өзін - өзі ұстау тәртіптерінің жиыны (төңіректегілермен қатынас,сөйлесу және амандасу,қоғамдық орындарға бару,жүріс – тұрыс пен киім) қамтылады.

«Этикет» сөзі французша «ярлық», «әдеп», «рәсім» дегенді білдіреді,яғни белгілі бір рәсімді өткізу тәртібін білдіреді.

Этикет – қарым – қатынасқа, этикет тәртіптерін білуге ықпал етеді, адамды ыңғайсыздықтан қорғайды, оны тіпті бейтаныс адамдарға жағымды етеді, қарым – қатынасты жеңілдетеді және қалыпты қарым – қатынас жасауға көмектеседі.Этикет - әлеуметтік мәдени ерекшеліктермен байланысты.Оның көптеген тәртіптері белгілі бір халықтың ұлттық, тарихи, әлеуметтік, мәдени белгілерін бейнелейді.



Мәдениет және өркениет.

Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің-«civilis»сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» -олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:



  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Б.Тайлор).

  2. Өркениет-мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы(Ж.Ж. Руссо,Ш.Фурье,О.Шпенглер).

  3. Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).

  4. Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

  5. Өркениет-этностар мен мем лекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби,Н.Я.Данилевский және т.б.).

  6. Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.

Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің жолмен бөленуі,қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениеттің дамуы,қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

Мәдениеттің өзекті бөлігі-өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан,халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз,өнер әлемінсіз,қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да,өнер-мәдениеттің алтын қазынасы,адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке,сұлулыққа ұмтылуы.



Мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат,ақыл-ой,ізгілік пен әдемілік заттандырылып,игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет-адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани»,яғни,мәдениетті жан. Мәдениет пен табиғатты қарама қарсы қоюдың бір түрі-адамның табиғи антимәдениеттілігі жөнінде ілімдер еді(киниктер,Ницще). Контрмәдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім-мәдени антропология. оның негізін салушылардың бірі-Э.Уилсон.

Мәдениет-адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес,керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік жіне рухани қыл-көпір. Осы үндестікті(гармонияны) одан әрі жетілдіру-адамзаттың алдындағы келелі міндет.Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсінетін тағы бір мәселе адамның көп мағыналылығына, жан-жақтылығына,шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиасы –адамдағы «Мендік».Одан сыртқа ерекше бір нүр – азаттық, жауапкершілік , адамгершілік сәулес інүр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгеиге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз-менің өмірім , меннен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын –менің шығармашылығым.

Қоғам - әлемінің бір бөлігі , белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың , топтардың, этностардың , мемлекеттердің ) байланыс нысандары . Яғни , қоғам ұғымындағы негізгі мәселе – адам және оның ұйымдасу нысандары , бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеументтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті , көрінісі , сипаты мазмүнында қолданылады.

Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:



Адамды қалыптастыру қызметі

Бұл- мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмүнымен тікелей байланысты нышан.

Адамға ең қиыны – адам болу.Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық , ақиқат пен жалгандық , әділеттілік пен өктемдік , бодандық пен азаттық , сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде түлғада өзіндік сана тұрақталады , ол озық мәдениетті өз бойына сіңіреді.Жалпы алғанда , мәдениеттің алға басуы дегеніміз – дүние жүзілік тарихтың адам үшін , оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық , мәдени мұрагерлік қызметі.

Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ертекшеліктеріне қатысты.Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді.Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру , қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.



Танымдық қызметі Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет міндетінің – сан алуан қыры бар.Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қуылған асырып жіберкге» (Гегель). Бағытталған адамдардың білімі , әрине , мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады.

Реттеу қызметі. Мәдениет – «жабулы қазан емес».Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді.Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ.

Коммуникативтік, қарым - қатынастық қызмет

Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі.Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы -әлеуметтік шындықтың басым көрінісі.Адамерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде болады.Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оныңәлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.



Мәдениет типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері.

Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйешелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытындылаған, идеяланған үлгінің немесе тектің көмегімен бөлшектеу жатыр.

Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар бірыңғай «құрылым жоспарын» іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолдана бастады. Н.Я. Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А. Тойынбидің мәдени- тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілерінеқұрып, оның негізгі өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер идеялық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. Нақты өмір сүрмейтін, атап айтқанда, абстрактылы, «таза түріндегі» мәдениетің типологиялық моделі ретінде мәдениет типологиясының мәнін, тетіктерінің құрылымын М.Вебер толық қарастырды.

Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, яғни мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық- танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.

Мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негізлердің өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:


  • этнографиялық критарийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл және т.б. көрініс таба алады);

  • мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістік- географиялық критерийлер: батысеуропалық, латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық, сібірлік т.б.;

  • төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық- уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениеті, жаңа заман мәдениеті, модернистік мәдениет, постмодерн т.б.

Мәдениет типологиясын анықтайтын басқа маңызды логикалық-танымдық тәсілге осындай жіктемелік құрастырудың танымдық мақсаттарын, міндеттерін анықтау жатады. Зерттеулік танымдық міндеттер оларды мәдениеттің осы жіктемесінің негіздерісапасында таңдап алынатын сипаттамалардың жиынтығын анықтайды. Сондықтан, міндетті орындардың бірнеше негіздері бола алады, ол осыдан мәдениеттерді типологияладырудыңкритерийлері де бірнешеу болады.

Белгілі отандық мәдениеттанушы Э.А. Орлова мәдениеттерді ойлаудың негізгі формалардың функционалдық рөлі және жүзеге асыру тентіктері критерийлері бойынша топтастырды. А.Е. Глебов осы негізде мәдениеттің екі типін атап өтеді: олардың бірі – абстрактылық басымдылығы, басқасы - ассоциативтік ойлау формаларының басымдылығы. Осыған сәйкес, бірінші типте әмбебаптықтың, концептуализацияның, жалпылаудың, генерализацияның үстемдік етуіне иеміз, ал екіншісінде – партикумеризмнің, яғни қайталанбайтын жеке-дара, ерекше мәдени сипаттамалардың басымдық танытатынын көреміз. Әмбебаптың мәдениетті анықтамағандық төмен деңгейімен сипаттайды, еуропалық абстрактылы бейнелеу өнерін қытайлық немесе жапондықпен салыстырыңыз. Ол сол немесе басқа мәдениетке мәселенің шешімін таңдау қалай жүзеге асатынын, ненің негізінде және қандай сапада ақпарат іріктеліп алынатынын, жағдайдың қалай анықталатынын көрсетеді.

Типтері бойынша тарихи бірінші қалыптасқан мәдениеттер жіктемесіне тарихи-этнографиялық типология жатады. Ол типографияның – этнографиялық пайда болуы және этникалық тарихы туралы ғылымның шектерінде қалыптасты және бұл кездейсоқ емес, өйткені мәдениеттанудың өзі білімнің дербес саласы ретінде бастапқыда этнография шеңберінде дамығанын еске алсақ, жеткілікті. Қазіргі этнос ұғымы өзіне, бір жағынан, ерекшелігі табиғи факторлардың ықпалымен анықталатын адамның табиғи жаны ретінде өмір сүру формаларының сипаттамасын, ал басқа жағынан нақтылы тарихи әлеуметтік жүйе ретіндегі адам сипаттамасын енгізетіндіктен, этнография мәдениеттер типтерінің сипаттамасы үшін негіздер сапасына адам өмірінің, оның мәдени ортасының көптеген көрініс формаларын: нәсілге жатуын, табиғи факторлар, шаруашылық-тұрмыстық бітімдерін, тілді және т.б. қамтуға ұмтылады. Осыған байланысты мәдениеттің этнографиялық типология жүргізу тәжірибесінде түпкілікті критерийлердің үш маңызды тобын және соған сай үшін түрлі этнографиялық типологиялық құрылымды бөліп көрсетуіне болады. Оның басты критерийлері түрлі нәсілдерге жатуы ( шығуы бойынша, туысқандық), тәндік (табиғи) белгілері және территориялық ортақтық болып табылады.

Мәдениеттің тарихи-этнографиялық типологиясының екінші түрі – мәдениеттердің шаруашылық-тұрмыстық типологиясы, оның баксты біріктіруші белгісі шаруашылықтың бірегей типі, шаруашылық әрекеті, ұйымдастырудың ортақ формалары болып табылады. Бұл ортақтық ұқсас табиғи-географиялық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік дамудың жақын деңгейімен анықталады.

Әрине бұл шаруашылықтың мәдени типі шеңберінде, оның қойнауларында тек дайын табиғи өнімді тұтыну емес, сонымен бірге сол шаруашылықтың белгілі бір ұйымдасу формаларын қажет ететін алғайқы еңбек құралдарын дайындау жүзеге асады. Сонда да бұл шаруашылық-мәдени типтегі басым, приоритеті, жүйе қарастырушы белгіге құралдарды жасау емес, дайынды алу жатады, сонымен бірге шаруашылықтың төмен өнімділігі және кездейсоқ факторлардан үлкен тәуелділігі себептелді, ал оларды жеңу қиын, кейде тіпті мүмкін емес болып келді. Одан ерекше басқа шаруашылық- тұрмыстық тарихи- этнографиялық мәдени тип- қолөнер, жер өңдеу мен малшылыққа негізделген шаруашылық мәдени тіршіліктің типі- отырықшылық, мүліктік теңсіздік, әлеуметтік бөлінудің бастамасы, саяси биліктің ұжымы ретіндегі мемлекеттің пайда болуы сияқты көптеген ортақ белгілеріне ие болады.

Этностық маңызды сипаттамалардың біріне оның тек ортақ пайда болуы ғана емес, сонымен бірге ортақ тілді пайдалануы жататындығы белгілі, этнолингвистикалық типология шектерінде екі түрлі мәдениет типі көрсетіледі. Олардың бірі – мәдениеттің типологиялық немесе генетикалық тілдік типі, онда ортақ мәдениет тілдерінің шығу тегі бойынша туыстығымен анықталады. Бүгін үш мың тіл саналған, олардың ішінде 3796- сы суреттелген және оларды лингвистер 13 тіл шоғырына топталған.

Мәдениеттің басқа лингвистикалық типі - морфологиялық, онда тілдер ортақтығы тілдердің шығу тегіндегі туыстығы бойынша белгіленеді. Бұл белгілер бойынша романдық халықтар және соған сай романдық мәдениет, ағылшын – саксондық, славияндық, арабтық, түркілік, латынамерикалық және т.б. халықтар мен мәдениеттер болып жіктеледі.

Н.Я. Данилевскийдің мәдениеттер типологиясы.

Н.Я. Данилевский локалды «мәдени- тарихи типтер» ілімін құрастырды. Және бұл типтер өз дамуында туындау, құлдырау, гүлдену және жойылу кезеңдерінен өтеді делінеді. Алайда Н.Я. Данилевскийдің көрнеккті жетістігіне мәдениеттер типологиясын жүзеге асыра отырып алғашқыларыдң бірі болып, мәдениеттер жіктемесінде мәдениеттің әрекетшіл табиғаты тұрғысынан келгені жатады. Қалыптасқан, әсіресе, қазіргі деңгейге дейін жеткен адамның әрекеті біртекті болмағандықтан, осыны жақсы түсіне отырып, оның түрлі типтерге жіктелетіндігіне, жүзеге асатынына ол басты назар аударды.

Н.Я. Данилевский төрт түбегейлі әрекет түрлерін атап өтеді:


  1. Ол, біріншіден, өзінің құдайға қатынасын қамтитын діни әрекетті бөліп көрсетеді, оның пікірінше, ол адамгершілік және кез келген басқа әрекеттің негізінде жатыр.

  2. Әлдебір дербес түр ретінде құрастырылған әрекеттің басқа түрі- бұл, Н.Я. Данилевскийдің өзінің айтуы бойынша, адамның сыртқы дүниеге қатынасын қамтитын және теориялық- ғылыми, эстетикалық- көркем, техникалық өнеркәсіптік формаларда жүзеге асатын мәдени әрекеттің өзі.

  3. Н.Я. Данилевский бөліп көрсеткен дербес әрекеттің үшінші түрі – бұл өзіне қалай ішкі, солай сыртқы сан- сатты енгізетін саяси әрекет.

  4. Ақырында әрекеттің төртінші дербес түрі – нәтижесінде белгілі бір экономикалық қатынастар мен жүйелер құрастырылатын экономикалық әрекет.

Бірінші типті дайын сатылардан соң ілескен және әрекеттің бір түрі негізінен айқын және толық көрініс табатын бірнегізді мәдениеттер құрастырады. Мәдениеттердің осындай типіне, оның пікірінше, діни- дүниетанымдық әрекет басым болған, християндық негізгі қалаған, монтеистік дінді әлемге әкелген, еврейлік мәдениетті жатқызады. Мәдениеттің бұл бірнегізді типіне ол өзіндік мәдени әрекетті жүзеге асырған, жетекші әрекет ретінде өнер мен философия көрініс тапқан грек мәдениетін жатқызады.

Сонан соң қоснегізді мәдениеттер ілеседі, Бұд типке ол герман-раналдық немесе еуропалық мәдениетті жатқызады. Оны ол саяси- мәдени тип деп атайды, себебі әрекеттің осы екі түрі- саяси және жеке мәдени – оның сенімділігі бойынша, еуропалық халықтардың бүкіл шығармашылық әрекетінің негізі болады. Н.Я. Данилевскийдің пайымдауынша, мәдениет бағдары үшінші- төртіншімізді типке орай бұрылған. Бұл тип, оның айтуынша, тек енді ғана қалыптасып келеді, бірақ ол- болашақтық. Бұл Н.Я. Данилевскийдің ойы бойынша, адамзат мәдениеті тарихындағы, барлық төрт әрекет түрлері үйлесімді дамитын, соған сай құндылықтардың негізгі түрлерін шын сенімді, саяси дәне экономикалық әділдікті, еркіндікті ғылымды, ақиқат пен өнерді үйлесімді сәйкестендіретін рекше тип болып табылады, Н.Я. Данилевский осындай тип ретінде, егер ол еуропалықтапрдан дайын үргілерді алуға бейімделіп кетпесе, славияндық мәдени тип қалыптаса алады дейді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет