Әлемнің жеті кереметі



бет12/25
Дата07.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#82198
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
7 керемет

Шығу тарихы
Навуходоносор II атты Вавилон патшасы(б.з.б 605—562 )ең басты жауы- Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II - нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.
Жердегі жұмақ
Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.
Артемида храмы әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті.
Мұндаймәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфестұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.
Аңыз

Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызжы орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сяқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимараты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет