Әлемнің жеті кереметі



бет14/25
Дата07.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#82198
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
7 керемет

 Галикарнастағы Мавзолей әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. Ол б.э.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы мемлекеттің басты тұлғасы - патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Мавсол (б.э.д. 377-323 жж.) Кари патшалығын және оған тәуелсіз Парсы империясының бір бөлігінің басшысы болды. Оның атаққұмар жобаларының арқасында Галикарнас Эгей теңізі жағасындағы ұла қала болды. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған. Мавзолейдің жобасын атақты сәулетшілер Сатир, Пифей, Леохар, Скопас, Бриаксид, Тимофей жасады. Мавсол өлгеннен кейін б.э.д. 353 ж. құрылыс жұмысын билік тізгінін өз қолыны алған әйелі Артимисия III басқарды. Артимисия III де құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып өлген, өз даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты аяғына жеткізу керек деп шешкен. Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан. Галикарнас аты кейін Бодрумға өзгертілген, Мавзолейдің қалдықтары осы қаланың мұражайында сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет