Әлемнің жеті кереметі



бет16/25
Дата07.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#82198
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
7 керемет

Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.
Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.

Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.
Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.
Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы ешкім көре алмайды. Өйткені, мұсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.
Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.
Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.
977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет